Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Жетісулық ардагерлермен жүздестім

Жетісулық ардагерлермен жүздестім

Талдықорған қаласында болып, «Журналистер үйінде» Алматы облысында тұратын Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткіздім.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған жүздесуде Ауған соғысы ардагерлерінің елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтудағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, ізгілікті істері әңгіме болды. Ауған ардагерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасары екені мәлім.
Жергілікті ардагерлер ұйымдарының жетекшілері өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесінің тобына кіруге өтініш білдірді.
Мен ел бірлігін бекем ету саласында ардагерлеріміздің ынтымақты ісін, құрметке лайық қызметін ерекше атап өтіп, айтылған орынды ұсыныстардың назарға алынатынын жеткіздім.
Сонымен қатар, «Ардагерлер туралы» Заң жобасы аясында қандай істер атқарылып жатқанын мәлім еттім.
Кездесуге Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық ұйымдарының басшылары – «Алматы облысы Ауған және жергілікті соғыстар ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Барлыбаев Бауыржан Әбдіманатұлы, «Алматы облысы Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының үйлестіру кеңесінің» төрағасы Данабеков Ержан Сүлейменұлы, «ӘДӘ Ауғанстан соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ергожанов Еркін Асқарұлы, «Талдықорған қаласының Ауғанстан соғысы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмежанов Мұхтар Абдықасұлы қатысты.
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #АуғанАрдагерлері #Афганцы #ХалықпенКездесу