Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Жас дарындарға қанат қақтырған турнир

Жас дарындарға қанат қақтырған турнир

Әлемде 26 маусым – Халықаралық нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. Атаулы күнге орай Алматы қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығымен, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубымен, Алматы қалалық грэпплинг федерациясымен (AIGA) бірлесіп, ауқымды чемпионат өткізді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында грэпплингтің AIGA күресі бойынша өткізілген ашық чемпионатта тек алматылық жеткіншектер ғана емес, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Алматы облысынан жас спортшылар қатысып, шеберліктерін сынап көрді.
Турнирдің ашылу салтанатында мен «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығының төрағасы ретінде сөз сөйлеп, мұндай сайыстардың ұйымдастырылуы жас спортшылардың шыңдалып, шымыр болуына серпін беретінін айта келе, осы жарыста белдесуге түсетін спортшылардың ішінен ертеңгі Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпиондары өсіп шығарына сенім білдірдім.
Алматы қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Төлеу Мархамедов 2019 жылы да осындай турнир ұйымдастырылғанын, мұның жақсы дәстүрге айналғанын, сайысқа қатысушылардың қатары өсіп келе жатқанын хабарлады. Рас, өткен жылға жоспарланған шара пандемияға байланысты өтпей қалды. Бірақ келесі жылы жүлгесі үзілмей, жалғасын таппақ. Алматы қалалық грэпплинг федерациясының президенті (AIGA) Ақмарал Қанатбаева спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанатын балалардың мықтысы осы турнирде айқындалғанын білдірді.
«Sagadat Batyr» спорт клубының жетекшісі, білікті бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров жарыстың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқаны қуантады дейді: «Жарыс жасөспірімдердің күш-қуатының қаншалықты толысқанын көрсетеді. 2019 жылы да есірткіге қарсы күрес күніне орай осындай чемпионатты жоғары деңгейде өткіздік. Бұл жолы да Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан ұсыныс түсіп, біз осы турнирді өткізуге қуана-қуана келістік. «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығы, Алматы қаласы грэпплинг федерациясы (AIGA), Алматы қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы ұсынысымызды қуаттап, жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне орасан қолдау көрсетті. Саламатты өмір салтын ұстану жолында жастардың белсенділігі жоғары. Адам өміріне өте қауіпті есірткі мен нашақорлықтан аулақ болып, тура жолдан таймауды насихаттайтын мұндай шаралардың жиі өткені дұрыс. Өйткені бүгінгі жеткіншектерді әлеуметтік желі мен ғаламтордағы түрлі ойындар тәрбиелейді», – деді ол.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұйымдастырушылар мен демеушілер диплом, медаль және сыйлықтарға бөледі.
Чемпионатқа 220-дан астам жасөспірім спортшы қатысты.
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #QazaqstanArdagerleri #Грэпплинг #Алматы #Спорт #Турнир #deputatnurotan