Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАУДАМЫН: ШЕКАРАШЫЛАРЫМЫЗБЕН КЕЗДЕСТІМ

АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАУДАМЫН: ШЕКАРАШЫЛАРЫМЫЗБЕН КЕЗДЕСТІМ

Жыл сайын жаз айында біз, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ауыл-аймаққа іссапарға шығып, сайлаушыларымызбен кездесіп, берген уәделардің орындалу барысын баяндаймыз, жаңа ұсыныс-пікірлерін, мұң-мұқтаждарын тыңдаймыз.
Жылдағы дәстүрге сай биыл да жазғы іссапарым аясында Қазалы ауданына арнайы келдім.
Өңірдегі «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесіне барып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен таныстым. Елдің шетінде, желдің өтінде еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетіп жүрген шекарашыларымызға алғыс айтып, қызметтеріне сәттілік тіледім.
Шекарашылардың міндеті ерекше, миссиясы тарихи. Осыған құрметім ретінде «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесінің бастығы Ержан Елемесовке "Сауап" қоры шығарған Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстадым. Сонымен қатар, шекарашыларға Ауған соғысының даңқты батыры Борис "Қара майор" Керімбаевтың соғыс тактикасы мен ерлік істеріне арналған «Паншер патшасы» атты авторлық кітабымды да сыйға тарттым.
Қазалы ауданына сапарым кезінде қасыма жергілікті беделді азаматтар - аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Еркебұлан Жүрсінбаев ере жүрді.
Айта кетейін, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Оңтүстік» өңірлік басқармасының 2019 әскери бөлімінің «Қызылқұм» шекара заставасына ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, отаршылдарға қарсы Сыр бойындағы халық көтерілісінің қолбасшысы, қазақ даласының хас батыры – Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі берілді. Осы іске бастамашы болып, жүзеге асуына үлес қосқаныма рухтанамын! Бұл ұсынысымыз 2017 жылы Үкімет тарапынан қолдау тапқан болатын.
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #ҚызылордаОблысы
#deputatnurotan