Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Nur Otan сайлауалды бағдарламасы қалай орындалуда, есебіміз!

Nur Otan сайлауалды бағдарламасы қалай орындалуда, есебіміз!

Қызылорда облысына іссапарымыз барысында сайлаушыларымызбен жүздесіп, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын баяндап, бұрын ел алдымызға қойған мәселелердің шешілуі жайын түсіндірдік.
Төмендегі фотоайғақтан көріп отырғаныңыздай, іссапар аясында Басықара ауылы тұрғындарымен кездестік.
Қарлаң көпірінің құрылысымен таныстық.
Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп құрылысының барысына қанықтық.
Мұнымен шектелмей, Қазалы тұрғындарымен, сондай-ақ көкөніс сақтау қоймасында ауыл кәсіпкерлерімен тілдестік.

Енді назарларыңызға Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының нақты осы өңірге қатысты уәделерінің қалай орындалып жатқанына қатысты толымды ақпаратты ұсынып отырмын.

КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

СОДА ЗАУЫТЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ:
Арал ауданында қуаттылығы жылына 300 мың тоннаны құрайтын калцийленген сода өнімін беретін «Арал Сода» зауытына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жұмыстарында атқарылатын жұмыстарының ауқымы өте үлкен (электрмен (1 300 484,1 млн. тг), газбен жабдықтау 1 388 425,6 млн. тг.).
Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында орналастырылатын құрылғыларын бөліп, бөлшектеуге болмайтын қымбат құрылғылар және оларға тапсырыс берген кезде кезектілікке және бөлшектер жинағын құрастыруға көп уақыт қажет етіледі. Және бөліп есеп айырысуға жатпайды. Ал, құрылыс-монтаж жұмыстарына бөлінген қаржылар мардымсыз.
Электрмен жабдықтауға – 2020-2021 жылға 150,0 млн. тг., газбен жабдықтауға 2020-2021 жылға 155,0 млн. тг. қаралған.
Осы себептен «Арал Сода» зауытына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жұмыстарында мәселе туындауда.
Жұмыстарды жеделдету үшін әр жоба бойынша 500,0 млн. теңгеден 1000,0 млн. тг. бөлуді ұсынамыз. Республикалық бюджеттен қаржыландырылуы тиіс 90 пайыз қалған қаржысын бөлуді қажет етеді.
«Арал Сода» зауытын газбен жабдықтау жобасы іске асырылғанда газ желісінің бойында орналасқан Шижаға, Жалғызағым елді мекендерін осы желіге қосу арқылы газбен қамту бойынша жоба әзірлеу қолға алынуда.

* * *
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Аудандағы білім саласына қарасты 73 нысан бар. Олардың, 50-і мектеп (оның біреуі облыстық дарынды балаларға арналған № 2 мектеп - интернат), 20-сы балабақшалар, 1-уі оқушылар үйі, 1-уі өнер мектебі және кешкі мектеп.

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕ:
Тоқабай елді мекеніндегі 140 орындық № 248 орта мектебінің құрылысы 2012 жылы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілген. Мектепте 161 бала білім алуда. 2016 жылдан бастап білім ордасының ғимаратында ахаулар пайда болды. 2019 жылы аппаттық жағдайдағы қорытындысы алынған.
Кешегі оқу жылында аталған мектептің балалары ауылдық округ әкімі аппаратының және спорт мектебі филиалының ғимаратында бөлініп оқыды.
Алдағы, 2021-2022 оқу жылында балалардың оқитын ғимараты айтарлықтай қиындық туғызып отыр.
Айрықша атап өткен жөн, білім саласындағы бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселе – осы № 248 орта мектептің құрылысын қайта қалпына келтіру жұмыстары деп есептейміз.

КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР:
Аудандағы мектептердің ішінде асар әдісімен тұрғызылған екі мектеп бар. Оның біреуі Сапақ елді мекеніндегі № 69 орта мектеп болса, екіншісі Жалаңаш елді мекеніндегі (Мергенсай а/о) № 58 орта мектеп. Екі мектептің де пайдалануға берілген мерзімі 2005 жыл.
Яғни, екі білім ордасына да жаңадан 100 орындық мектептің құрылысын салуды қажет етеді. Жобалау – іздестіру жұмыстары әзірленген (ПИР), ЖСҚ дайындау үшін бюджеттік өтінім тапсырылған. ЖСҚ үшін екі мектепке 55 020, 6 мың теңге қажет.
Бұдан бөлек, Райым елді мекеніндегі (Жетес би а/о) № 72 орта мектепке қосымша асхана, спорт зал, акт зал және кітапхана қажет. Жобалау – іздестіру жұмыстары әзірленіп (ПИР), ЖСҚ дайындау үшін бюджеттік өтінім тапсырылған. Қажетті қаражат 25 423,5 мың теңге.
Келесі кезекте апатты жағдайдағы Арал қаласындағы Жазира, Толқын, Балдырған және Бөген елді мекеніндегі Айдын, сондай-ақ Жақсықылыш кентіндегі Мерей балабақшалары бар. Барлығының да арнайы апатты деп танылған қорытындылары алынған.
Қазіргі күні, Арал қаласындағы (Жазира, Толқын, Балдырған) аталған балабақшалар жеке ғимараттарда арендалық негізде өз жұмыстарын жалғастыруда.
Шижаға елді мекеніндегі Ақбұлақ балабақшасы да ыңғайластырып салынған. Қазіргі уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл ғимаратта әбден тозығы жеткен бүлдіршіндер ордасының бірі.
Осы ретте, барлық балабақшаларға жобалау – іздестіру жұмыстары әзірленген (ПИР). ЖСҚ дайындау үшін бюджеттік өтінім тапсырылған. Қажетті қаражат көлемі 97 748 мың теңге (6 балабақша үшін).
Осы аралықта ескеру қажет деп есептейміз – себебі хабардар етілген ғимараттардың бәрінде де балалар мен адам өміріне қауіптілігі жоғары.

* * *
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР:
Мәдениет саласында 71 нысан бар (6 мәдениет үйі, 1 мәдениет орталығы, 23 ауылдық клуб, 2 музей, 39 кітапхана). Ондағы қызметкерлер саны 352 адам. Негізі апатты деп танылған 8 мәдениет ошақтары бар (оның 6-уы ауылдық клубтар, 2-уі кітапханалар).

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕ:
Жалпы, бірінші кезекте Тоқабай, Жақсықылыш, Бөген, Қарақұм, Жаңақұрлыс елді мекендерінен клуб үйлері салынуы қажет. Мәдениет нысандарының барлығына да апатты жағдайдағы қорытынды алынған.
Мәселен, бүгінгі таңда Тоқабай елді мекеніне клуб салу аса маңыздылыққа ие. Өйткені, мектебі жарамсыз күйде. Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты да көнерген.
Қосымша, Жақсықылыш кентіне осы кезге дейін клуб үйі салынбаған. Қазіргі клуб үйі «Аралтұз» АҚ-ның теңгерімінде. Халық саны 6 мыңға жуық. Аудандағы іргелі елді мекендердің бірі. Яғни, мәдениет саласындағы жүйе бұл ауылда қалыптаспаған.
Ал, Бөген мен Қарақұм ауылдық округтеріндегі клуб үйлері әбден тозығы жетіп, жарамсыз күйге жеткен.
Барлық клуб үйлеріне жобалау – іздестіру жұмыстары әзірленген (ПИР). ЖСҚ дайындау үшін бюджеттік өтінім тапсырылған. Қажетті қаражат 43 928,0 мың теңге (5 клуб).

КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР:
Бекбауыл, Жаңақұрылыс елді мекендеріндегі ауылдық клубтарға және Арал қаласындағы 200 мың кітап қорына арналған орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне де жобалау – іздестіру жұмыстары әзірленген (ПИР). Бұл ғимараттарға да апатты жағдайын анықтайтын арнайы қорытындылары алынған.
ЖСҚ дайындау үшін бюджеттік өтінім тапсырылған. Қажетті қаражат көлемі 33 668,4 мың теңге (2 клуб, 1 орталықтандырылған кітапхана).
Жоба сметалық құжаттамалар жасауға ұсынылған бюджеттік өтінімдер туралы мәліметтер

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
1. Арал ауданы Арал қаласында орталықтандырылған 200 мың дана кітап қоры бар кітапхананың құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау. Аудан халқына қызмет көрсететін аудандық орталық кітапхана мен орталық балалар кітапханасын (А. Гайдар атындағы) біріктіре отырып жаңадан кітапхана құрылысын салу. Аудандық орталық кітапхана құрылысы 1976 жылы салынған, кітапхананың қазіргі жағдайы сын көтермейді. Жыл сайын кітапхана 13 мыңдай оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап қоры 50 мың дана. Орталық балалар кітапханасы (А. Гайдар атындағы) 1967 жылы салынған. Кітап қоры – 27980.
2014 жылы «Стандарт Строй Сервис LTD» ЖШС жасаған сараптама қортындысында аталған кітапханалар ғимараты пайдалануға (тозуы 90%) келмейді, апаттық жағдайда қайта салу қажет деп көрсетілген. ЖСҚ әзірленбеген. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 16 097,2 мың теңге. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
1. Арал ауданы Абай (Қарақұм) елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау.
Қарақұм ауылдық округіне Абай және Ерімбетжаға елді мекендері қарайды. Ауылдық округі орталығы Абай елді мекенінде халық саны 2124 адам. 1963 жылы салынған. "Стандарт строй сервис ЛТД" ЖШС 15.03.2014 жылғы №36 сараптамалық қорытындысымен апатты деп танылған. ЖСҚ әзірленбеген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 8 785,6 мың теңге.
3. Арал ауданы Бекбауыл елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау. Бекбауыл ауылдық округіне Бекбауыл, Құмбазар және Үкілісай елді мекендері қарайды. Ауылдық округі орталығы Бекбауыл елді мекенінде халық саны 953 адам. 1963 жылы салынған. "Стандарт строй сервис ЛТД" ЖШС 15.03.2014 жылғы №34 сараптамалық қорытындысымен апатты деп танылған. ЖСҚ әзірленбеген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 8 785,6 мың теңге.
4. Арал ауданы Бөген елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау. Бөген ауылдық округіне Бөген және Қарашалаң елді мекендері қарайды. Ауылдық округі орталығы Бөген елді мекенінде халық саны 1051 адам. 1951 жылы
салынған. "Стандарт строй сервис ЛТД" ЖШС 30.03.2019 жылғы №09 сараптамалық қорытындысымен апатты деп танылған. Қазіргі таңда бос ғимарат болмауына байланысты мектеп ғимаратына уақытша орналасқан. ЖСҚ әзірленбеген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 8 785,6 мың теңге.
5. Арал ауданы Тоқабай елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау. Жіңішкеқұм ауылдық округі Тоқабай елді мекенінде халық саны 722 адам. 1980 жылы салынған. "Стандарт строй сервис ЛТД" ЖШС 16.03.2014 жылғы №38 сараптамалық қорытындысымен апатты деп танылған. ЖСҚ әзірленбеген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 8 785,6 мың теңге.
6. Арал ауданы Жаңақұрылыс елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау. Жаңақұрылыс ауылдық округі Жаңақұрылыс елді мекенінде халық саны 871 адам. 1985 жылы салынған. "Стандарт строй сервис ЛТД" ЖШС 15.03.2014 жылғы №33 сараптамалық қорытындысымен апатты деп танылған. ЖСҚ әзірленбеген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 8 785,6 мың теңге.
7. Арал ауданы Жақсықылыш елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба сметалық құжаттама дайындау. (тіректі елді мекен) Жақсықылыш кентінде халық саны 5080 адам. Кентте қазіргі таңда мәдениет нысандары жоқ. ҚР МСМ-нің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілген мәдениет ұйымдары желілерінің ең төменгі мемлекеттік нормативтеріне сәйкес мәдениет үйі немесе ауылдық клуб құрылысын салуды қажет етеді. ЖСҚ әзірленбеген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Жоба сметалық құжаттама дайындауға қажетті қаржы – 8 785,6 мың теңге.

Жоба сметалық құжаттамалар жасауға ұсынылған бюджеттік өтінімдер туралы мәліметтер
Аудандық білім бөлімі
1. Арал қаласындағы 13 мектеп аумағында жоспарланған. Мектеп ғимараты 1930 жылы салынып, пайдалануға берілген. 350 орынға арналған, бейімделген ғимаратта қазіргі уақытта 804 бала білім алуда. Биылғы жылы 1 сыныпқа 70 бала қабылданса, 2022 жылы 75 бала, 2023 жылы 80 бала, 2024 жылы 85 бала қабылдау жоспарлануда.
Осыған орай, жоғарыда аталған «Қызылорда облысы, Арал №13 орта мектебіне 200 орындық қосымша құрылыс» жоба-сметалық құжатын дайындауға 17 811,2 мың тенгежобаны сараптамадан өткізуге 1 648,1 мың тенге жалпы құны 19 459,3 мың тенге қаржы қажет етеді.
2. Арал ауданы, Мергенсай ауылындағы №58 мектеп ғимараты 2005 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған. Мектеп ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Қазіргі уақытта 200 орынға арналған мектеп ғимаратында 195 бала білім алуда. Мектеп ғимараты қатты отынмен жылытылады. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Мектеп ғимаратының Спорт залы талапқа сай емес. Кітапхана мен оқу залы қарастырылмаған.
Жалаңаш елді мекені халқының демографиялық өсу динамикасы жылдан-жылға жоғарылап отыр. Халық саны 2018 жылы 741, 2019 жылы 762, 2020 жылы 828 соңғы үш жылда 87 адамға өсті. Елді мекенде 0-16 жас аралығындағы 302 бала.
Ауданның мектеп жасына дейінгі білім беру саласын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалаңаш елді мекеніне 100 орындық мектеп құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 23 608,2 мың теңге және сараптамадан өткізуге 1 916,3 мың тенге, жалпы құны 29 597,1 мың теңге қаржы қажет етеді.
3. Арал ауданы, Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектеп ғимараты 2004 жылы ауылдың батыс бөлігінен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған. Жобалық қуаты 60 орынға арналған ғимаратта 1-11 сыныптарда қазіргі уақытта 120 бала, мектеп алды даярлық тобында 12 бала білім алуда. Мектеп ғимаратында осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ғимараттың шатыр асты балкалары, еден ағаштары және қабырғасы ағаш каркастан салынуына байланысты тозығы жеткен. Мектеп ғимараты тиісті құрылыс тауарларынан емес, елді мекендегі сол уақыттағы қолда бар тауарларымен тұрғындардың күшімен асарланып салынғандықтан, ғимарат болашақта апаттық деп танылуы мүмкін. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ.
Ғимаратта дене шынықтыру пәнін өткізетін спорт залы, акт залы, кітапхана бөлмесі, оқу залдары жоқ. Физика және химия пәндерінен сапалы білім алуға қажетті оқу кабинеттерінің болмауы, сынып кабинеттерінің жетіспеуі толыққанды білім алуға кедергілер жасайды.
Сапақ елді мекені халқының демографиялық өсу динамикасы жылдан-жылға жоғарылап отыр. Халық саны 2018 жылы 881, 2019 жылы 887, 2020 жылы 901 адамға өсті. Елді мекенде 0-16 жас аралығындағы 189 бала.
Ауданның білім беру саласын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сапақ елді мекені 100 орындық мектеп құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 25 423.5 мың теңге қаржы қажет етеді.
4. Арал ауданы, Жетес би ауылдық округі, Райым елді мекеніндегі №72 орта мектебінің ескі ғимаратының өртеніп кетуіне байланысты облыстық бюджеттен 56,0 млн тг. бөлініп 2005 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Мектеп ғимаратына қазіргі уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимаратта технология пәнінің кабинеті және дене шынықтыру пәнін өткізетін спорт залы, акт залы, кітапхана бөлмесі, оқу залы, мультимедиялық кабинеттері жоқ. Физика және химия пәндерінен сапалы білім алуға қажетті оқу кабинеттерінің болмауы, сынып кабинеттерінің жетіспеуі оқу – тәрбие үдерісін қолданыстағы нормативтерге сәйкес тиісті деңгейде ұйымдастыруға кедергілер жасайды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың білім алу мүмкіндігі төмен.
Райым елді мекені халқының демографиялық өсу динамикасы жылдан-жылға жоғарылап отыр. Халық саны 2018 жылы 341, 2019 жылы 350, 2020 жылы 364 адамға өсті. Елді мекенде 0-16 жас аралығындағы 149 бала бар.
Ауданның білім беру саласын жақсарту мақсатында Райым елді мекеніндегі №72 орта мектебінің құрылыс жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 23 608,2 мың тенге және сараптамадан өткізу үшін 1 815,4, жалпы құны 25 423.5мың тенге қаржы қажет етеді.
5. Арал ауданы, Бөген ауылдық округі, Бөген ауылындағы Айдын балабақша ғимараты 1965 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Балабақша ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимараттың техникалық жағдайы туралы «Д-АРУ» ЖШС эксперттік комиссиясының 2014 жылғы 10 қарашасындағы №14 шешімі бойынша Айдын балабақша ғимараты пайдалануға қауіпті, авариялық жағдайда деп танылып, бұзылып қайта салынуы керек делінген.
Балабақша ғимаратының шатыр асты балкаларының, еден ағаштарының әбден тозығы жеткен. Ғимараттың ағаштан салынуына байланысты қабырғалары сөгіліп, жарық түскен. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, балабақшаның балалар тамақтанатын асханасы жоқ. Қазіргі таңда балабақша тарбиешілері мен балалар үшін толыққанды жұмыс жасау және мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігі төмен.
Ауыл халқының демографиялық өсу динамикасы жылдан-жылға жоғарылап отыр.
Ауданның мектеп жасына дейінгі білім беру саласын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылы 90 орындық балабақша құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 15 214,6мың теңге қаржы қажет етеді.
6. Арал ауданы, Жақсықылыш кентіндегі Мерей балабақша ғимараты 1962 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Балабақшасы ғимаратына 2005 жылы күрделі жұмыстар жүргізілді. Алайда 2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимараттың техникалық жағдайы туралы «ATLANT ENGINEERING» ЖШС эксперттік комиссиясының 2020 жылғы 10 қазанындағы №14 шешімі бойынша Мерей балабақшасы ғимараты пайдалануға қауіпті, авариялық жағдайда деп танылып, бұзылып қайта салынуы керек делінген.
Бүгінгі күні кентте мектеп жасына дейінгі 3-6 жас балалар саны 400 бала.
Ауданның мектеп жасына дейінгі білім беру саласын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінен 140 орындық балабақша құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге29 538,8 мың теңге және сараптамадан өткізуге 1 992,5 мың теңге, жалпы құны 31 531,3 мың теңге қаржы қажет етеді.
7. Арал ауданы, Жалғызағым стансасындағы бастауыш мектеп ғимараты 2004 жылы типтік жобамен емес, тұрғын үй есебінде ыңғайластырып салынған.
Мектеп ғимаратында осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ғимараттың шатыр асты балкалары, еден ағаштары және қабырғасы ағаш каркастан салынуына байланысты тозығы жеткен.
Ғимараттың техникалық ақауларына байланысты жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұру мүмкіндігінің төмендігі, сонымен бірге, бастауыш мектептің оқушылар тамақтанатын асханасы, дене шынықтыру пәнін өткізетін спорт залының және сапалы білім алуға қажетті оқу кабинеттерінің болмауы оқу – тәрбие үдерісін қолданыстағы нормативтерге сәйкес тиісті деңгейде ұйымдастыруға кедергілер жасайды.
Жалғызағым стансысында жалпы халық санының демографиялық өсу динамикасы жылда-жылға жоғарылап отыр. 2020 - 2021 оқу жылында білім мекемесінде 1 - 4 сыныптар аралығында 19 бала, мектеп алды даярлық тобында 5 бала білім алып, елді мекеннің 5 - 9 сынып жас аралығында 23 оқушы Арал қаласындағы №71 мектеп интенатта және туыстарынын үйінде №62, №220 мектептерде білім алуда.
Ауданның білім беру саласын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалғызағым стансысына 50 орындық мектеп құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 14 883,3 мың теңге сараптамадан өткізуге 995,0 мың теңге, жалпы құны 15 878,3 мың теңге қаржы қажет етеді.
8. Арал ауданы, Аққұм ауылдық округі, Шижаға елді мекеніндегі Ақбұлақ балабақша ғимараты 1978 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Балабақша ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Бұл ғимарат жергілікті құрылыс материалдарымен сол кездегі оқушы санына бейімделіп салынған. Сол жылдардан бастап мектеп болып, 1982 жылдан бастап балабақша болып қалыптасты. 1996 жылы балабақша жабылып, 2005 жылы қайта балабақша болып ашылды.
Елді мекеннің айналасында жиі болатын құм көшуі балабақша ғимаратын басып қалу қауіпін төндіріп тұр.
Шижаға елді мекені халқының демографиялық өсу динамикасы жылдан-жылға жоғарылап отыр. Халық саны 2018 жылы 2280, 2019 жылы 2300, 2020 жылы 2312 адамға өсті. Елді мекенде 0-6 жас аралығындағы 318 бала.
Ауданның мектеп жасына дейінгі білім беру саласын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 12 842,2 мың теңге және сараптамадан өткізуге 1 259,9 мың теңге, жалпы құны 14 102,1 мың теңгеқаржы қажет етеді.
9. Арал ауданы, Арал қаласында орналасқан Жазира балабақша ғимараты 1975 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Балабақша ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимараттың техникалық жағдайы туралы «Д-АРУ» ЖШС эксперттік комиссиясының 2014 жылғы №12 шешімі бойынша Жазира балабақша ғимараты пайдалануға қауіпті, авариялық жағдайда деп танылып, бұзылып қайта салынуы керек делінген.
Балабақша ғимараты өте ескірген, төбесіндегі шатырлары шіріген, сынған, жауын жауса су ағады, төбесінің балкалары майысқан. Балабақша жәй контрамарка пештермен, қолмен жағылып жылытылып келеді. Ғимараттың ағаштан салынуына байланысты қабырғалары сөгіліп, жарық түскен. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ.
2020 жылы аудан бюджетінен жобалық сметалық құжаттамаларын бастауға 2 500,0 мың теңге бөлініп, жеңімпаз анықталып, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Білім саласының қаржыландырылуы аудандық бюджеттен облыстық бюджетке берілуіне байланысты барлық құжаттар облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткізілді. Жобалық сметалық құжаттаманы аяқтауға 13 200 мың теңге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3 500 мың теңге, барлығы 16 700,0 мың теңге қаржы бөлуді қажет етеді.
10. Арал ауданы, Арал қаласында орналасқан Балдырған балабақша ғимараты 1979 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Балабақша ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимараттың техникалық жағдайы туралы «Д-АРУ» ЖШС эксперттік комиссиясының 2014 жылғы 12 мамырдағы №8 шешімі бойынша Балдырған балабақша ғимараты пайдалануға қауіпті, авариялық жағдайда деп танылып, бұзылып қайта салынуы керек делінген.
Балабақша салынғалы ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен ғимарат тозып, төбелері жұқарып, шиферлары сынған. Іргетасы отырған. Жылу жүйесінің жарты бөлігі ескі бу қазандығымен, қалғандары 5 пеш, 3 ескі контрамаркамен жылытылады. Жылу маусымында 40 тонна көмір пайдаланылады.Ғимараттың ағаштан салынуына байланысты қабырғалары сөгіліп, жарық түскен. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ.
2020 жылы аудан бюджетінен жобалық сметалық құжаттамаларын бастауға 2 500,0 мың теңге бөлініп, жеңімпаз анықталып, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Білім саласының қаржыландырылуы аудандық бюджеттен облыстық бюджетке берілуіне байланысты барлық құжаттар облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткізілді. Жобалық сметалық құжаттаманы аяқтауға 13 200 мың теңге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3 500 мың теңге, барлығы 16 700,0 мың теңге қаржы бөлуді қажет етеді.
11. Арал ауданы, Арал қаласында орналасқан Толқын балабақша ғимараты 1978 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Балабақша ғимаратына осы уақытқа дейін ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимараттың техникалық жағдайы туралы «Д-АРУ» ЖШС эксперттік комиссиясының 2014 жылғы 10 қарашасындағы №13 шешімі бойынша Толқын балабақша ғимараты пайдалануға қауіпті, авариялық жағдайда деп танылып, бұзылып қайта салынуы керек делінген.
Балабақша ғимаратының шатыр асты балкаларының, еден ағаштарының әбден тозығы жеткен. Ғимараттың ағаштан салынуына байланысты қабырғалары сөгіліп, жарық түскен. Жылу маусымы кезінде бөлме температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, балабақшаның балалар тамақтанатын асханасы жоқ. Қазіргі таңда балабақша тарбиешілері мен балалар үшін толыққанды жұмыс жасау және мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігі төмен.
2020 жылы аудан бюджетінен жобалық сметалық құжаттамаларын жасауға 16 000,0 мың теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттамалары дайындалды. Білім саласының қаржыландырылуы аудандық бюджеттен облыстық бюджетке берілуіне байланысты барлық құжаттар облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткізілді. Дайындалған жобалық сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3 500,0 мың теңге қаржы бөлуді қажет етеді.

Бақытбек Смағұл

Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan