Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ауыл-аймаққа сапарым Қызылорда облысының Қармақшы ауданында жалғасты.

Ауыл-аймаққа сапарым Қызылорда облысының Қармақшы ауданында жалғасты.
Онда бізге, Nur Otan фракциясының мүшелеріне, Төретам кентінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ Төретам кентіндегі «Ажар» сауда үйінде жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, оларды алаңдатқан өзекті мәселелерін тыңдадық.
Бұған қоса, Төретам электр тарату мекемесіне ат басын бұрып, нысан жұмысына қанықтық.
Жұмыс сапары Ақай ауылдық округіндегі бетон құю цехы жұмысымен танысумен және жергілікті ауыл кәсіпкерлерімен кездесумен жалғасты.
Сонымен бірге Ақай ауылдық округіндегі көпбейінді ауруханаға барып, ақ халатты абзал жандардың мұң-мұқтаждарын білдік.
Іссапар кестесі тығыз, шаруаға толы. Ең бастысы, айтылған мәселелерді назарға алдық, ол парламенттік жұмыс барысында ескерілуі тиіс.

Төретам кенті
Төретам кентінің әлеуметтік-экономикалық паспорты
ü халық саны – 11881 адам;
ü қожалықтар саны – 2178;
ü мал саны – 4558;
ü мектеп саны – 3;
ü медициналық мекеме – 2;
ü экономикалық белсенді халық саны – 6942 адам;
ü жұмыспен қамтылған халық саны – 3127 адам;
ü жұмыссыздар саны – 257;
ü атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 111 адам;
ü тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері – 863;

Жол жөндеу жұмыстары.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарлама аясында Төретам кентінің 20 көшесіне 397,3 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Дорстрой» ЖШС-і 360,6 млн. теңгеге келісім шартқа отырылды. Жобаға бөлінген жалпы қаржыдан 31,4 млн. теңге үнемделді.
Бүгінгі күнге 72572 шаршы метр асфальт төселіп, 341,0 млн. теңге игерілді. Ендігі кезекте 2588 шаршы метр асфальт төсеу, жол белгілерін орнату, жол таңба сызбаларын сызу, жол жиегін нығыздау жұмыстары қалып отыр.

Төретам АЭТ мекемесі. Мекемеде 27 адам жұмыс жасайды. 2020 жылы Төретам кентіндегі №22 35/10 кв қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген. (мердігер-ЭнергоМера ЖШС-і, жобалық құны – 915,0 млн. теңге) Сонымен қатар, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген (мердігер-СК Энерго-Ойл ЖШС-і, жобалық құны – 1 млрд 241 млн теңге).

Ажар сауда орталығы
Төретам кенті, Мұратбаев көшесінде орналасқан. Қызылорда қаласындағы Ажар сауда орталғының бөлімшесі болып жұмыс жасап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын нарық бағасынан төмендетіп сатып отыр. Сауда орталығында 5 адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлік саласы
Жалпы тіркелген кәсіпкерлер саны 863. Жұмыс жасап тұрғандары 751 немесе 87,0 пайыз.
“Еңбек” мемлкеттік бағдарламасы бойынша 6 жоба 28,4 млн. теңгеге несие, 5 жоба грант қаражатын алған.
“Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 59 жоба 265,6 млн. теңге қаржыландырылған.
Ақай ауылдық округі
Ақай ауылдқ округінің әлеуметтік-экономикалық паспорты
ü халық саны – 5686 адам;
ü қожалықтар саны – 1000;
ü мал саны – 2450;
ü мектеп саны – 2;
ü медициналық мекеме – 1;
ü экономикалық белсенді халық саны – 3118 адам;
ü жұмыспен қамтылған халық саны – 1591 адам;
ü жұмыссыздар саны – 125;
ü атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 132 адам;
ü тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері – 288;

Ақай ауылдық ауруханасы
60 орындық (10 орын перзентхана, 20 терапия бөлімі, 10 балалар бөлімі, 15
әйелдер бөлімі, 5 күндізгі бөлім)
Ауруханада жалпы 32 қызмметкер жұмыс жасайды (3 дәрігер, 29 орта буын қызметкерлері)

Кәсіпкерәк саласы. Жалпы тіркелген кәсіпкерлер саны 288. Жұмыс жасап тұрғандары 260 немесе 90,3 пайыз.

“Еңбек” мемлкеттік бағдарламасы бойынша 8 жоба 24,8 млн. теңгеге несие, жоба грант қаражатын алған.

“Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 жоба 18,5 млн. теңге қаржыландырылған.

Бақытбек Смағұл

Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл

#deputatnurotan #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda