Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауарларына бақылау жасаймыз!

Өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауарларының, әсіресе көкөніс бағасының қымбатшылығына тосқауыл қою мәселесіне бақылау жасаймыз!

Іссапарым аясында ауыл шаруашылығы тауарларының және азық-түлік бағасының көтерілу мәселесіне баса назар аударып, оның мәнісін анықтауға күш салмақ ниеттеміз.

Мысалы, Қызылорда облысының Қармақшы ауданына іссапарым барысында Төретам кентінде жақында ашылған "Ажар" сауда орталығының жұмысымен танысып, халықпен, кәсіпкерлермен сөйлестім. Сауда орталығында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда 1 келі картоп бағасы 185 теңгеден, сәбіз бағасы 299 теңгеден екен. Басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бекітілген шекті баға шамасында сатылып жатыр. Баға қымбатшылығын кәсіпкерлер жалға алатын жері мен жол шығындарының өсуіне байланысты деп түсіндірді. Әйтсе де, бұл өңірде картоп пен сәбіз бағалары төмендеп үлгірген көрінеді.

Енді ең бастысы, келесі жылы қайта қымбатшылық туындап, елді қайта қинамауы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер биылдан қамданып, жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қоймалау және логистикасы жағын жете ойластырып, жаңа егіннен жақсы қор түзгені маңызды. Ол қор арзанға экспортталып кетпегені абзал.

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan