Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Күрескерлерімізге Құдайым қуат берсін!

Күрескерлерімізге Құдайым қуат берсін!

Қазіргі пандемия қай салаға да, қандай кәсіпке де оңай соқпай тұр. Әсіресе, коронавируспен күрестің алдыңғы шебіндегі ақ халатты абзал жандарға аса қиын екені жасырын емес. Жүздері шаршаңқы болғанымен, әрбір сырқат үшін арпалысын адал жалғастыруда. Ауыл-аймаққа іссапарым аясында медицина қызметкерлерімен де жүздесіп, талап-тілектерін, мұң-мұқтаждықтарын тыңдаймын. Барша дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың ерен, ерлікке толы істеріне алғыс айтқым келеді!
Біз, Nur Otan фракциясының мүшелері, Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасының ұжымымен кездесу кезінде олар көтерген мәселелерді жазып, тіркеп алдық. Олардың орындалу мәселесі фракция назарында болады.

Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасының медициналық көмек сапасын арттыру, индикаторлар мен медициналық көрсеткіштерді қол жеткізу үшін туындап отырған мәселелер мен оларды шешу жолдары:

- Аурухана мен қарасты (Ақай, Төретам) бөлімшелердегі дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерін 100% компьютерлер жиынтығымен қамтамасыз ету. (2021 жылы – 70 дана, 2022 жылы – 60 дана компьютер жиынтығымен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз ету);
- Интернет желісінің жылдамдығын арттыру. (АҚ «Қазақтелеком» тарапынан Байқоңыр қаласының ауруханасына – (Ресейлік қызметтен бас тарту), Ақай мен Төретам елді мекендерінде оптиволоконды желіні тарту, орнату);
- Жетіспейтін маман дәрігерлермен қамтамасыз ету: 4 – жалпы аймақтық дәрігерлермен және тар буынды мамандармен (5 - акушер-гинеколог, балалар окулисті, ересек отоларинголог, инфекционист, кардиолог, пульмонолог, аллерголог, ревматолог) қамтамасыз ету. (Медициналық жоғарғы оқу орындарының, резидентураны бітіруші түлектерімен кездесу өткізіп, оларды жұмысқа ынталандырып шақырту. Ол үшін бір реттік үстемақы тағайындау, қосымша тұрғын үйлермен қамтамасыз ету –
Анықтама ретінде: Ауруханаға бөлінген 12 пәтерлік тұрғын үйлер толық игерілді, яғни толығымен дәрігерлер орналастырылды). Дәрігерлерді жетіспейтін мамандықтар бойынша қосымша біріншілік даярлық курстардан білімін жетілдіріп, орын толтыру);
- Ақай және Төретам елді мекендерінде емханалық деңгейде шұғыл медициналық бригадаларды (бригада неотложной помощи) ұйымдастыру. (Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен 2-дана санитарлық автокөліктерді бөлу);
- Ауруханада қажетті маман дәрігерлердің болғаныменқ қымбат тұратын көп функционалды медициналық құрал жабдықтардың жеткіліксіздігі (2 дана - ультракласты УДЗ аппаратымен, 2 дана - лапароскопиялық стойка, колоноскопия, 5 данадан смат-холтер аппаратары, МРТ қондырғысы). (Жергілікті немесе республикалық бюджет есебінен қамтамасыз ету);
- Байқоңыр кешенінде ресейлік ғарыштық мекемелерде ҚР азаматтарының«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» статусы айқындау, Ресей заңнамасымен зейнеткерлікке шыққан ҚР азаматтарына медициналық сақтандыру статусын ҚР Заңнамасымен тенестіру. (Ресейлік кәсіпорындарды жұмыс жасайтын қызметкерлердің тізімін (идентификалық) ақпараттарын алу, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Заңына Байқоңыр қаласы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, МӘМС қызметкерлері тарапынан ресейлік мекемелерде ҚР азаматтарына түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу);
- Аурухананың Байқоңыр қаласы бойынша коммуналдық қызметтерге Ресейлік тараптан ұсынған тарифтерге жоғары бағада төлемдер жүргізуі. (Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі арасында әлеуметтік маңызы бар мекемелерге (аурухана, мектеп т.б.) коммуналдық тарифтерді көтермеу бойынша екі жақты мораторийге қол қойып, шартқа отыру);
- Аурухананың стационарлық хирургия мен терапия бөлімшелерінде науқастардың ГОМБП бойынша шұғыл түрде ем қабылдай алмауы. (Байқоңыр қаласы бойынша стационарлық хирургия, терапия және жарақаттық пункт бойынша ургентті шұғыл медициналық көмек көрсету күндерін ФГБУЗ ФМБА ЦМСЧ №1 России емдеу мекемелері арасында бөліп алу - Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі арасындағы келісім шарт отыру немесе Үкіметаралық келісім шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу – құзырлы мекеме басшыларына, министрлікке хат жолдау);
- Байқоңыр қаласындағы қазақстандық әлеуметтік маңызы бар мекемелерді (аурухана, мектеп т.б.) Ресей Федерациясының салығынан босату. (Үкіметаралық келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу);
- Емханадағы медициналық қызметкерлерге және стационардағы науқастарға төсектік жатып ем қабылдайтын тозығы жеткен төсек орындарын жаңарту, жиһаздармен жабдықтау (ҚР Президентінің 2020 жылдың 20 мамырдағы Жарлығына сәйкес 3 жылға жиһаз алуға шектеу қойылуына байланысты бизнес өкілдері демеушілері (спонсорлық көмек) есебінен жабдықтау).
- ҚР азаматтарын «ФГБУЗ ФМБА ЦМСЧ №1 России» емдеу мекемесінен стационарлық емнен кейінгі РФ дәрігерлерімен ұсынылған кеңестеріне сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік препараттарымен қамтамасыз ете алмаушылығы. (ҚР ДСМ бекітілген емдеу хаттамаларына, ҚР ДСМ 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс беру)

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс

#Байконур #Байқоңыр

#deputatnurotan