Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ауыл медицинасын дамытуға тың көзқарас пен жаңа бағдарлама-жоба керек!

Ауыл медицинасын дамытуға тың көзқарас пен жаңа бағдарлама-жоба керек!

Әріптесім, Nur Otan фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев екеуіміз Қызылорда облысына іссапарымыз аясында Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан кәсіпкерлерімен және депутаттық фракция мүшелерімен кездесу өткіздік.
Жүздесуде жергілікті жұртшылықты алаңдатқан түрлі мәселелер көтеріліп, біраз ұсыныс-пікір ортаға салынды. Атап айтар болсақ, халық көп тұтынатын заттардың бағасы соңғы 2 айда күрт қымбаттаған. Сондай-ақ кездесуде несие беруші ұйымдардың өнімдері шаруаға қолжетімсіз, талаптары тым күрделі, әрі қолайсыз екені алға тартылды.
Ауыл-аймақ жұртшылығының әл-ауқаты мен көңіл күйіне ықпал ететін аса өзекті, әрі ірі мәселелердің бірі - біліктілігі жоғары, тар салалы дәрігерлердің жетіспеушілігі. Сырдария ауданының Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл ауылдарында дәрігердің мүлдем жоқ екені анықталды. Ал тұрғындарының саны 1,5 мыңнан азайса, тек фельдшер ғана болады. Шағын ғана емес, ірілеу елді мекендердің өзі білікті дәрігер мамандарды тарта алмай отыр. Өйткені жалақы аз, мансап сатысымен өсу перспективасы жоққа тән. Бірақ қазіргі пандемия заманы мемлекеттен дәл осы бағытты күшейтуді талап етеді. Ауырған халық ем іздеп, орталыққа ағылуға мәжбүр болмауға тиіс, барлық қажетті ем мен дәріні өз елді мекенінде алғаны жөн. Демек, мамандардың айтуынша, осы салада, ауыл медицинасын дамытуда, өз ғұмырын ауылға арнаған дәрігерлерді ерекше қолдауда тың бетбұрыстар, жаңа бағдарлама керек-ақ!
Бұдан бөлек, кездесуге қатысушы жергілікті депутаттар мен бизнесмендер кәсіпкерлікті дамыту мәселелері мен жем-шөпке берілетін субсидия мерзіміне қатысты нақты ұсыныстар берді. Талап-тілектер назарға алынды, фракцияның парламенттік жұмысында ескеріледі.

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan