Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Шиелі аудандық мәслихатындағы кездесу

Шиелі аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы мүшелерімен және кәсіпкерлермен кездесу өткіздік. Жиын
аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
Азық-түлік, жанар-жағармай бағасының көтерілуі, коммуналдық тарифтердің ары қарай өсуі халықтың қабырғасына батып отырғаны, бұқараның да, бизнестің де әл-ауқатына кері ықпал етіп жатқаны ашық айтылды. Мысалы, жыл басынан бері Аи-92 маркалы бензин бағасы өңірде 15,1%-ға - 149,7 теңгеден 172,4 (тіпті 175 теңгеге дейін), дизель отынының орташа бағасы 5,3%-ға - 182 теңгеден 191,3 теңгеге дейін (жоғарғы бағасы 225 теңгеге дейін) қымбаттапты. Жанар-жағармай құнының жоғарылауы барлық салаға кері мультипликативті әсер етіп, бағаның жаппай көтерілуіне, өнімдердің халыққа қолжетімсіз болуына, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жойып, ішкі нарықта шетелдік өнімдерге ысырылып жол беруіне түрткі болады. Кездесуде кәсіпкерлермен бірге ЖЖМ құнын арзандату, тарифтерге қатысты мәселелерді пысықтадық. Бұл түйткілді шешу үшін Үкімет, жергілікті билік шара қабылдауда. Ал қажетті заңнамалық шараларды фракциямыз парламенттік деңгейде пысықтайды.

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan