Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Жаңатұрмыс ауылында да жаңа мектеп салу қажет етіледі.

Жаңатұрмыс ауылында да жаңа мектеп салу қажет етіледі. Халық санының көбеюі қатты қуантты. Кезінде ауылдарда тұрғындар саны күрт кемігенде, оқытатын бала таппаған біраз мектептің қаржыландырылуы шектеліп, ғимараты жөнделмей, нашар жағдайға жеткен.

Бірқатарының нысандары оңтайландырылған. Енді халық саны күрт өсіп, мектептерге бала симай жатыр. Демек мемлекетіміз осы демографиялық серпінге дайындалып, ауыл-аймақта да жаңа мектептер салу мәселесіне тың қарқын бергені жөн. Мысалы, мектеп директорлары, ата-аналар, педагогтер енді мектепке жеке киім ілетін жер, асхана, қосалқы орынжайлар керектігін айтып жатты. Кейбір ауыл жаңа мектептер ашуды сұрайды.

Қызылорда облысы ауылдарын аралағанда ұқсас мәселе жиі алдан шықты ( ол туралы төмендегі посттардың бірінде егжей-тегжейлі ақпарат ұсынғанмын). Сондықтан құжат жүзінда ұсыныстар жиналуда. Біз оны облыс әкімдігіне тапсырамыз. Өңір басшылығы бұл бағытта біраз іс тындыруда. Түйткілдері де бар. Кейбір ауылда мектеп құрылысы жобасының құжаттары уақытылы не толыққанды жасалмаған, сөйтіп құрылыс біраз кешіккен деректері бар. Кейбір мердігер өз міндеттемесін орындамай, дау туып та жатады. Облыс бюджеті аясында шешілетіндерді әкімдік қарастырады. Ол шеңберден асатынын біз жоғарыда көтереміз.

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan