Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МӘЖІЛІС ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАРАЛУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МӘЖІЛІС ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚАРАЛУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

📣 Бүгін Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Бахытбек Смағұл және Ғалым Әмреевпен кездесу өтті. Басқосуға біздің өңірімізге жоспарлы іс-сапар барысымен келген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық бөлім басшысы Райхан Қыдырбаева және салалық кәсіподақ төрағалары қатысты. Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев модераторлық еткен қызу жиында білім кәсіподағы тарапынан әлі де күрделі күрмеуі шешілмей келе жатырған бірнеше мәселелер қатары бой көтерді. Сонымен қатар арнайы Мәжіліс деңгейінде шешуге ықпал жасау үшін сайлауалды бағдарламамда қамтылған мәселелерді, яғни білім саласындағы медицина қызметкерлерінің, кітапханашылардың және кіші қызметкерлердің айлық жалақыларын қарастыру туралы депутаттық сауал жолдадым.

Алдағы уақытта бұл мәселелер өз шешімін табады деген зор үміттемін.

Әрбір сала қызметкерлерінің құқықтық мүдделерін қорғау - біздің басты мақсатымыз.

--