Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Мектеп құрылысын бақылап қайттық

Мектеп құрылысын бақылап қайттық

Қызылорда өңіріндегі жұмыс сапарларым жалғасуда. «Nur Otan» фракциясының мүшесі ретінде мен, Ғ.Әміреев, Г.Шиповских Қызылорда қаласының «СПМК-70» ауданын аралап, осында салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмысымен таныстық.
Атап айтқанда, аталған аудандағы 6 көпқабатты тұрғын үй алабының – әрқайсысы 50 пәтерлік №1, 2, 3, 4, 5, 6 несиелік тұрғын үйлер кешенінің құрылысы барысын бақылап қайттық.
Сондай-ақ «Байтерек» ықшамауданындағы 600 орындық мектептің құрылысы алаңына атбасын бұрып, білім ордасын тұрғызу ісі қалай жүзеге асып жатқанын қадағаладық.
Қызылорда қаласындағы Жезқазған тас жолының бойында бой көтеретін, бір ауысыммен 600 оқушыны оқытуға арналған мектептің жалпы сметалық құны 1 млрд 261,1 миллион теңге тұрады. Ол республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Қазіргі кезде бюджет қаражатының 165,1 миллион теңгесі игеріліпті. Биылғы 2021 жылға тағы 357 миллион теңгеден астам сома бөлінген.
Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталды. Мердігер компания 18 ай ішінде білім ордасының ғимаратын іске қосуға міндеттеме алып отыр.
Ғимарат 2 қабатты болады. Оның жалпы ауданы 8 мың 768,54 шаршы метрді алып жатпақ.
Нысан басында неге қанықтық? Қазіргі кезде жер әзірлеу жұмыстары, іргетас қалау жұмыстары толықтай аяқталған. 1-ші қабаттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер компания басшылығының сендіруінше, 600 орындық мектеп нысанының құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда. Мектепті 2022 жылға қарай пайдалануға беру жоспарланған.

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan