Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Облыстық кәсіподақ активімен кездестік

Облыстық кәсіподақ активімен кездестік

Елбасы мен Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда аймақтарға артылатын міндет жүгі салмақты екені мәлм. Мемлекет заман талабына сай жедел қимылдап, пәрменді қадамдар арқасында қазіргі күрделі кезең сындарынан абыроймен өтіп келеді. Өз кезегінде ел Парламенті алмағайып шақта әрбір азаматты әлеуметтік қорғау, тұрмыс сапасын арттыру, ел экономикасын өркендету, өндіріс орындарын дамыту, мемлекет пен халықтың көкейкесті мәселелерін шешу бағытындағы қадамдарды дер кезінде заңнамалық қамтамасыз етуде.
Бірақ бұл іс тығырыққа тірелмей, үнемі, үдемелі алға жылжуы үшін қоғамның, әрбір елді мекеннің, тіпті әрбір сала-сектордың тыныс-тіршілігінің тамырын басып, туындайтын түйткілдерді танып, ден қойып отырған жөн.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің орындалу барысы мен өңірдегі басқа да әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы жайында пікір алмасу үшін кәсіподақ өкілдерімен жүздесіп, пікір алмастық. Өйткені еңбекке қабілетті қазақстандықтармен, жұмысшы қауыммен күнделікті араласып, қарым-қатынас жасайтын қоғамдық институт та – осы кәсіподақтар болуға тиіс.
Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы 12 салалық кәсіподақты біріктіреді. Оның қатарына білім және ғылым, денсаулық сақтау, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары, мәдениет, спорт, ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, көлік секторы, сондай-ақ «Ынтымақ» орта және кіші бизнес кәсіподақтары кіреді.
Өңірде кәсіподақтардың 101 мыңнан астам мүшесі бар. 1 017 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Үлкен күш!
«Nur Otan» фракциясының депутаттарымен кездесуге облыс көлеміндегі кәсіподақ белсенділері, облыстық кәсіподақ төрағалары қатысып, өздерін мазалаған мәселелерді назарымызға ұсынды.
Ұсыныс-тілектер фракция мен парламенттік жұмыста ескеріледі.

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda

#deputatnurotan