Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Жұмыспен қамту – әрқашан күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе

Жұмыспен қамту – әрқашан күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының
2021 жылғы шілдедегі жағдай бойынша атқарылған жұмыстары туралы толымды мәлімет

1. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде:
Биыл жыл басынан бері орталыққа
5 187 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркеліпті. Оның
2 092-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл ретте 934-і – 16-29 жас аралығындағылар. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар саны 4 797 адам.
Сонымен қатар, 1 252 адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алу үшін өтінім берді және жұмыссыз арасында белгі қоюға келмеген, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыспаған 3670 адам анықталып, тиісті есептен шығарылды.
Қазіргі уақытта «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде қала бойынша
4 493 адам тіркелген, оның ішінде 1 908 жас жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Осы күнге мүгедектігі бар 25 азамат жолданған, оның 3-і жастар, 15-і квота бойынша жолданған.
2020 жылғы 20 мамырдан бастап өңірде «Жұмыспен қамтудың
2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясындағы құрылыс, жөндеу, абаттандыру және басқа да бірқатар ауқымды шара басталған.
Оның аясында Қызылорда қаласы бойынша барлығы 107 жоба қолға алынған. Оның
43-і – облыстық басқармалардың, 64-і – қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдіктерінің тапсырысына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған 107 жоба шеңберінде 5 176 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған екен. Осы жұмыс орындарына тартылатын жұмысшылардың 50%-ы, яғни 2 588-і жұмыссыздар арасынан болуға тиіс. Нәтижесінде, сол мекемелерге жұмысқа 5 021 жұмыссыз азамат тұрған. Оның 2 930-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы тіркелген.

2. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының жүзеге асырылуы туралы мәлімет:
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуді қамтиды.
2021 жылғы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 800 адамды тарту жоспарланған, жергілікті бюджеттен 40 адамға 6 млн 854 мың теңге және облыстық бюджеттен
760 адамға 206 млн 680 мың теңге қаражат бөлінді. Барлығы 800 адамға 213 млн 534 мың теңге сома қарастырылды.
Бүгінде қатысуға ниетті білдіргендер қатары 841 адам. Маусым айынан бастап оқу курстарына 6 азамат жолданып, оқуын бастады.

Екінші бағыт: Кәсіпкерлік бастамасын қолдауды көздейді.
Ауыл шаруашылығын қолдау қоры, өңірлік инвестициялық орталығы және микроқаржы ұйымдарынан 44 азаматқа несие беру жоспарланыпты. Әзірге 34 азамат (оның 9-ы жастар) 232 млн 340 мың теңге (оның ішінде 4 азамат ішкі айналымдағы қаржы есебінен 41 млн 200 мың теңге) көлемінде несие алды.
«Бастау бизнес» жобасы аясында 535 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап 535 азамат «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына жолданып, 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап 497 азамат оқу курстарындағы оқуына кірісті. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бүгінде 457 азамат оқу курстарын аяқтады, оның 185-і – жастар өкілі. 48-і қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе асыруды жоспарлап жатқан бағдарламаға қатысушыларға 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерде беріледі, ол қаражат қажетті мүкәммал-инвентарді, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсалуға тиіс.
Бизнес идея гранттарына 385 млн 44 мың теңге қаражат жоспарланған. Ол 660 азаматқа берілмек, соның ішінде жастар саны 112.
қазір 422 азамат мемлекеттік грант алып, шағын кәсіпкерлігін ашуда, оның ішінде 16-29 жас аралығындағы азаматтар саны 97. Игерілген қаржы – 245 млн 028 мың теңге.
Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Еңбек» мембағдарламасын іске асыру кезінде бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі мониторинг жұмыстары жүргізіледі. 2020 жылы 1 360 азамат мемлекеттік грантқа ие болса, барлық бағдарлама қатысушыларына мониторинг жүргізу қорытындысында бүгінде 37 азаматтың мемлекеттік грантты мақсатсыз жұмсап жібергені әшкереленген. Бюджет қаражатын кері өндіру туралы талап арыз беріліп, 33-і қанағаттандырылды. 1 талап арыз қанағаттандырудан бас тартылыпты. Тағы 3 талап арыз қаралу үстінде.
Бұл бағыт аясында алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табатыны айтылды.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді: жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (тұрақты жұмысқа орналастыру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары);
Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жыл басынан бері 2 200 адамға 1 млрд 517 млн 805 мың теңге бөлініпті (ЖБ – 630 адамға 387 млн 396 мың теңге бөлінді, РБ – 1 570 адамға 1 млрд 130 млн 409 мың теңге қаражат бөлінді). Жыл басынан 439 мекемемен арада келісім шарт жасалып, 2 774 адамға жолдама берілді. Мерзімінен бұрын жұмыстан шыққан адамдар саны – 537, оның ішінде 230-ы жұмысын толық аяқтаған, 68-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Игерілген қаржы 531 млн 941 мың теңге.
Аталған бағдарлама аясында 31 мүгедектігі бар, 16-29 жас аралығындағы 935 азамат жолданған.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 2021 жылға 190 адамға 94 млн 243 мың. теңге қарастырылған. Соның ішінде 180 адамға республикалық бюджеттен 91 млн 800 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10 адамға 2 млн 443 мың теңге бөлінді.
Жыл басынан 87 мекемемен келісім шартқа отырып, 234 адамға жолдама берілген, оның ішінде 53 адам жұмысын мерзімінен бұрын аяқтап, 47-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Аталған бағдарлама аясында 1 мүгедектігі бар, 16-29 жас аралығындағы 90 азамат жолданыпты: оның 24-і мерзімінен бұрын аяқтап, 22-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
2020 жылдан өтпелі 97 адам бар, оның 81-і мерзімінен бұрын жұмысын аяқтап, 80-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Игерілген қаржысы 39 млн 215 мың теңгені құрайды.
Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 2021 жылға
700 жас маманға 306 млн 285 мың теңге бөлінген. Оның ішінде 600 жасқа республикалық бюджеттен 262 млн 530 мың теңге және 100 жасқа облыстық бюджеттен 43 млн 755 мың теңге бөлінді.
Бұл бағыт бойынша 2020 жылдан ауысқан адам саны 825 азамат, қазіргі кезде 825 адамның бәрі жұмысын аяқтап, оның 186-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл басынан бері 207 мекемемен келісім шартқа отырған: жолданғаны 397 адам, оның 7 мүгедектігі бар азамат, 37-і жұмысын аяқтап, оның 18-і тұрақты жұмысқа орналасты. Игерілген қаржысы 204 млн теңге.
Алғашқы жұмыс орнындары бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жоспар бойынша 20 жас маманға 9 млн 334 мың теңге бөлінген, оның 7-і жолданып, 1 млн 167 мың теңге қаржысы игерілді.
3.Атаулы әлеуметтік көмекке өтінімдердің қабылдануы мен электронды шешімнің шығарылуы туралы:
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылдың ІI тоқсанындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы Қызылорда облысы бойынша 32 732 теңгені құрады.
Осы орайда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70 пайызы көлемін ескергенде, 2021 жылғы ІI тоқсанда Қызылорда облысы бойынша кедейлік шегінің мөлшері 22 912 теңгені құрап отыр.
Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 2021 жылдың
I тоқсанының қорытындысы бойынша «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау туралы 5 907 өтінім (оның ішінде 4 556 АӘК-ң шартты (77,1%), 1 351 шартсыз (22,8%) түрі) қабылданды. Оны ішінде 3 963 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Ал 2021 жылдың ІІ тоқсаны үшін жаңадан өтінім берушілер саны 4 142 отбасын құрап отыр: оның ішінде 3 057 АӘК-ң шартты (73,8%), 1 085 шартсыз (26,2%) түрі.
Қабылданған өтінімдер бойынша табыстары кедейлік шегінен жоғары болу, табыстарын жасыру, дәйексіз құжаттар ұсыну сияқты себептермен 231 отбасыға (5,6%) АӘК тағайындаудан бас тартылды.
Есепті кезеңде өтінім берген отбасылардың құрамындағы еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің арасында – 747 адам тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішіндегі 175 адам жұмыспен қамту орталығына келіп түскен бос жұмыс орындары туралы сұраныстарға сәйкес жұмыспен қамтылса, 572 азамат басқа да түрдегі тұрақты жұмыспен қамтылды). Бұдан бөлек, 396 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (атап айтқанда, қоғамдық жұмысқа – 386, жастар практикасына – 9, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1) тартылды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың саны – 257.
4. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында бойынша атқарылған жұмыстары туралы:
Орталық мамандары ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «бір терезе» қағидаты негізінде әлеуметтік-педагогикалық және білім беру мәселелері бойынша – 106, психологиялық – 87, баспана мәселесіне байланысты – 94, жеке консультациялар түрінде – 618, гуманитарлық көмек туралы – 528 адамға кеңес беріп, онлайн түрде
187 тұрғыннан түскен қоңырауға жауап берген.
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында 1 048 отбасына және Ораза айында Халық қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясында 1 000 отбасыға, «Зекет» қорынан 270 отбасыға, қала кәсіпкерлерінің демеушілігімен 60 отбасының тізімі жасақталып, азық-түліктей көмек берілді.
Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 73 отбасыға 5 880 135 теңге көлемінде дәрі-дәрмектей және қаржылай көмек көрсетілді.
Жалғызбасты 2 қарт кісіге «Бақытты отбасы» мамандары үй жағдайында тазалық жұмыстарын жүргізуге қол көмек және азық-түліктей көмек берілді.
Психикалық есепте тұратын Искакованың үстінен үйіне қоқыс жинау фактісі бойынша сол үйдің тұрғындарынан шағым түсіп, учакелік полиция, төтенше жағдай департаменті қызметкерлері және психикалық диспансер мамандарымен бірге отырып, есігін ашып, азаматша Искакова психикалық ауруханаға жатқызылды.
Өмірлік қиын жағдайға түскен Ақмешіт шағын ауданы тұрғыны Ж.Тұрсыновтың 1985 жылдан бергі алмаған (жеке куәлік) құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан 480 көпбалалы отбасыға «Мұз айдыны» және «Евразия» спорт кешенінен тегін талон таратылды.
Орталықта 16 ана жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Олар өз аумақтарында мамандармен бірлесіп үй аралауға, зерттеу актісін толтыру барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған көп балалы, жалғыз басты және үйсіз-күйсіз қалған жандар туралы орталыққа дабыл беру. Сонымен қатар демеушілер тарапынан көрсетілетін әлеуметтік-гуманитарлық көмектің шын мұқтаждарға әділетті түрде таратылуы, кезең-кезеңімен үйлестіру ісі назарда.

Директор Ж. Тулегенов

Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #Мәжіліс #Qyzylorda
#deputatnurotan