Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты

"QAZAQSTAN ARDAGERLERI" Қауымдастығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап, Әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізді. Ел біріншілігі
Қызылорда қаласында 29 қыркүйек пен 1 қазан күндері ұйымдастырылды. Жарысқа 11 команда және 180 спортшы қатысты.
Байрақты бәсеке қорытындысында командалық есепте
1-орынды Қызылорда облысының командасы иеленді.
2-орынға Алматы қаласының командасы көтерілді.
3-ші орынды Алматы облысының командасы еншіледі.
Алдағы уақытта 16-17 жас аралығындағы спортшылар арасында Әлем чемпионатына іріктеу өтеді. Жаһан біріншілігі биылғы 18-24 қыркүйекте Ресейде өтпек.
Қазақтың сайыпқыран жастарына бабаларымыздың жеңісті жолы жұғысты болсын!

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ӘмбебапЖекпеЖек #Унибой #QazaqstanArdagerleri #ӘмбебапЖекпежекФедерациясы

#deputatnurotan