Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ардагерлер ұйымдарының Орталық Кеңесінің конференциясы өтті

Ардагерлер ұйымдарының Орталық Кеңесінің конференциясы өтті

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап, QAZAQSTAN ARDAGERLERI Қауымдастығы, «Nur Otan» партиясының қолдауымен, Қызылорда қаласында Республикалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесінің конференциясын өткізді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы филиалының ғимаратында өткен жиынға еліміздің барлық өңіріндегі ардагерлердің республикалық және облыстық ұйымдарының басшылары қатысты.
Конференцияда ардагерлер санатына жататын азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жәрдемақысын көтеру, өмір көрген ардагерлердің қазіргі алмағайып кезеңде қауіпсіздікті, елдің ынтымағын нығайтуда мемлекетке жәрдемдесуі, әскери-патриоттық тәрбиені күшейту секілді жан-жақты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ «Ардагерлер туралы» заңына ұсыныстар пысықталды.
Ардагерлер өз сөзінде Қазақстан халқын Тәуелсіздікті, бірлікті, келісімді бағалауға және сақтауға шақырды.
Дәл осы күндері біздің Қауымдастық Әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатын ұйымдастырды.
Бұл екі шараның қатар ұйымдастырылуы кездейсоқтық емес. Бұл – аға ұрпақ пен жас ұрпақтың сабақтастығын, тәу етер Тәуелсіздігіміз бен мәңгілік мемлекеттілігімізді қорғаудағы мүдделестігін, тілектестігін білдіреді.
Біздің ардагерлеріміз жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде. Ерлікке баулуда. Отаншылдықтың, батылдықтың, мақсаткерліктің, ынтымақ, достық пен өзара көмектің құндылығын жастардың бойына сіңіруде. Дәл осы игі қасиеттер намыс оты мен бұла күші тасыған спортшыларымызға да аса қажет.
Сондықтан біз осы екі ірі шараның өзара байланысының символдық мәні барын байқап отырмыз.
Тәуелсіздік, Мәңгілік ел, бірлік және өркендеу – біздің асыл мұраттарымыз. Оған қол жеткізуде ардагерлеріміздің рөлі мен қызметі айрықша маңызға ие.
Ендеше ардагерлер ұйымы, біздің Орталық кеңес осы ізгілікті істің бір үйлестіруші орталығына айналуға тиіс. Ұлтқа қызмет етудің ұлағатты үлгісіне айналатын бұл істеріміз бізді рухтандырып, сенім мен күш береді.
Орталық кеңестің бұл конференциясы мен Әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Чемпионаты біздің бәрімізді ортақ мақсат-мүддеге жұмылдырып, жігерлендіріп, ілгері жетелей түсері сөзсіз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын!
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #deputatnurotan #Ардагерлер #Ветераны #ОрталықКеңес #ЦентральныйСовет #ӘмбебапЖекпежек #Унибой #Қызылорда