Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Білім-Инновация лицейінде “Аялы ағаш саялы” атты ағаш отырғызу іс-шарасы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ер балаларға арналған Білім-Инновация лицейінде “Аялы ағаш саялы” атты ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай лицей басшылығы оқушылардың ата-аналарының басын қосып, 300 көшет егу акциясын ұйымдастырды.
Нәтижесінде 100 алма ағашы, 100 шырша, 100 тал, үйеңкі, терек ағаштары отырғызылды. Шараның соңы далада әзірленген дәмді палаудан дәм тату мен әдемі әңгімеге ұласты. Осы істің басы-қасында жүрген лицей әкімшілігіне - директор Эльбрус Камалұлына, Зада Рахманқызына, Бауыржан Мубаракұлына және барлық атсалысқан ұстаздарға, ата-аналарға, лицейдің жанашырларына айналған түлектерге алғыс білдіргім келеді.
Бұл Қазақ елінің табиғатына, экологияға үлес қосатын игі шара болды.
Іс-шара соңында ата-аналар отырып, ақылдастық. Елдің болашағы қандай болады? Әлемде, айналамызда не болып жатыр? Қайтсек, жас ұрпаққа гүлденген, кемеліне келген Қазақстанды табыстаймыз? Ол үшін не істеуіміз керек? деген сұрақтарға жауап іздедік. Қандай қиын заман болса да ел мен ұлт болашағына сенуіміз және соған еңбек сіңіруіміз керек деген ойымды айттым.
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #АғашЕгу #КөшетОтырғызу #ЭкоАкция #deputatnurotan