Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қажымұқан бабаға!

Қажымұқан бабаға!

Пір тұтқан ата-баба парқын әмән,
Маңдайы туған айдай жарқыраған.
Француз, жапон, орыс палуандары
Көргенде Қажымұқанды, қалтыраған.

Тұлғасы таудай алып дара шыңым,
Басынар өр Қазақтың баласын кім?!
Бір жүрді Алашорда ерлерімен,
Сес болып жауларына Алашымның.

Пайдасын елі білер елге тиген,
Шері еді ұлтын сүйіп, шерге күйген.
Жонынан сыйпатпаған жолбарыстай,
Жаурыны көрде ғана жерге тиген.

Толымы Толағайдай азаматым,
Көрсеткен қара күштің ғазауатын.
Ақылды қарапайым қалпыменен,
Танытқан бар ғаламға Қазақ атын.

Ноқтаға басы сыймас асау ерек,
Асау ұл мәңгі-бақи жасау керек.
Тұлғасын тау сияқты Қажымұқанның,
Тек қана таудан ғана қашау керек!
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#Қажымұқан #Хаджимукан #ЯмагатаМухунури, #КраснаяМаска, #КараМустафа #BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #Ескерткіш #deputatnurotan