Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдадым.

Бүгін, 4 қарашада «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдадым.
Онлайн форматта өткен қабылдауыма әртүрлі мәселелерді көтерген екі арыз иесі қатысты.
Бірінші шағымданушы – Талдықорған қаласының тұрғыны Бақытгүл жұбайының Қытайда қалып қойғанын айтып, мұң шақты. Көріспегендеріне көп болған. Жағдайын жан-жақты түсіндіріп, әңгімеледі. Өзі де, екі баласы да Қазақстан азаматтығын ала алған. Ал күйеуі Өнер 4 жыл бұрын Қытайға кеткеннен қайтпапты.
«Қытай жағы оны қайтармай отыр. Жұбайымның Қазақстанға оралып, отбасымен қайта қауышуына көмектесіңізші!» дейді Бақытгүл. Жолдасы ҚХР азаматы екен. Бірақ Қазақстанда тұрақты тұруға ықтияр хат алып үлгерген.
Мен оны сабырға шақырып, жұбаттым. Бұл мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтаса әрекет ететін боламыз. Министр Мұхтар Тілеуберді мемлекетшіл азамат, соған хабарласып, Қытайдағы азаматқа қатысты жекелеген мәселені бірге шешуге күш саламыз. Өнер Сарғызұлының Қытайдағы ұялы телефонының нөмірі алынды.
Екінші шағымданушы – Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев ауылының тұрғыны Майра туысы Жанат Мұхамеджановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот шешіміне наразы екенін жеткізді. Бұл істің мән-жайына қанықтым. Елімізде биліктің үш тармағы бар екені мәлім, бұлар – заң шығарушы, сот және атқарушы билік. Заң бойынша Парламент депутаттарына тәуелсіз сот жүйесінің ішкі ісіне араласуға тыйым салынған. Дегенмен, азаматтың айтқан мәселелеріне назар аударту үшін оның өтінішін Бас прокуратураға жолдайтын болдым.
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында көтерілген мәселелер бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #NurOtan #НұрОтанҚоғамдықҚабылдау #deputatnurotan #СайлаушыларменКездесу