Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
"ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР!" атты республикалық VI әкелер форумы

Тәу етер тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай шырайлы Шымкент қаласында өткізілген "ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР!" атты республикалық VI әкелер форумында айтылған әншуақ:

Уа, армысың асыл халқым жетелі!
Сөз сөйлесем арқам қозып кетеді.
Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи,
Баба түкті Шашты Әзіздің мекені.

Ақ төсінен уыз ішкен анамның,
Ұрпағымыз Әл-Фараби бабамның.
Оты бар ұл Отырарда тумаса,
Ғұламасы болар ма еді ғаламның?!

Таразылап өткен тарих елесін,
Бағындырдық талай асу белесін.
Қазығұрттың қасиеті болмаса,
Нұх Пайғамбар тоқтатпас ед кемесін.

Үкәш-Ата, Қаратауым қарлы шың,
Қарабура бабаларым армысың!
Өр Бәйдібек, өрге тартқан ар тасын,
Ту көтерген Қазағымның намысын.

Түркістаным – тектіліктің тірегі,
Түбі бірге Түркілердің жүрегі.
Елбасының Жарлығымен бүгінде
Бабалардың қабыл болды тілегі.

Ел қорғаған талай батыр қан төге,
Кемеңгерлер Төле, Қазыбек, Әйтеке.
Ұлт тағдыры таразыға тартылған,
Ордабасы, Күлтөбе мен Мәртөбе.

Сардар ерім, соғысында Сайрамның,
Ұлтың үшін шар болатқа қайралдың.
Тілеу батыр, тұлғасы тұр тарихта,
Ұрпағына ұран болған айбарлым.

О, Оңтүстік! Өрге жүзген өнері,
Өн бойынан ой тудырған келелі.
Сүгір Баба, Созақ жерін жай тапқан,
Шымырлаған, шертпе күйдің шебері.

Небір тұлпар жүйрік шыққан Ақтаңгер,
Сабыр батыр генералды тапқан жер.
Алаш аты таласатын аспанмен,
Күш атасы – Қажымұқан жатқан жер.

Жағасында Сыр сұлуы, Арыстың,
Талай жүрек сағынышпен табыстың.
Шырқалады Шәмші әні ұран боп,
Нұр шашқандай, айбарында Барыстың.

Ақындар мен батырларын шыңдаған,
Бүгін міне, құшақ жайып тұр маған.
Құт, береке, ырыс, дәулет, ынтымақ,
Ұлылықтың ұясындай Шымқалам.

Ұлдарың бар жолбарыстай жоталы,
Аналар бар аруанадай боталы.
Домалақтай Анамыздан нәр алған,
О, Оңтүстік – ізгіліктің Отаны.

Әулие мен әнбиелер аймағы,
Тебірентер ойға сүйреп қайдағы.
Саған мәңгі басымды иіп өтермін,
Баба дәстүр, ата салттың қаймағы.

Жарқын жаздай жадыраған жайдары,
Бекзат ұлың – намысымның қайрағы.
Қайта оянған Көк Түріктің рухы,
Қазағымның аспан түстес байрағы!

Бақытбек СМАҒҰЛ
5 қараша 2021 жыл

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #deputatnurotan #ӘкелерФорумы