Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Лицей оқушыларымен кездесу

ҚР Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына арналған шаралар лицейімізде жалғасын табуда. Бүгін 9-10 сынып оқушылары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Ауған соғыс ардагері, ақын Бақытбек Смағұлмен
« Тәуелсіздік тартуы» атты тақырыпта кездесті. Тағылымды тәрбиелік мәні зор кездесу еркін түрде өткізілді. Ақындық қасиеті тұнып тұрған ағамызбен сұхбаттасқан оқушыларымыздың жүздері бал-бұл жайнап, сұбалы сұрақтарына салмақты жауап ала отырып, кездесудің соңында ескерткішке суретке түсті. Кеш соңында Бақытбек мырза лицей кітапханасының қорына «Алтын ғасыр» , «Қара майор» атты кітаптарды сыйға тартты.