Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев жұмыс сапарымен Арал ауданында болды.
Халық қалаулылары алдымен Қамыстыбас елді мекендегі Қамбаш көлінің жағдайымен танысты. Одан әрі, Аспай су бұрмасында сала мамандарымен кездесіп, балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша пікір алмасты.

Мұнан кейін депутаттар Аманөткел ауылдық округінің ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелер бойынша депутаттарға өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Ең алдымен, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Жеткергенов Қаналы ауданымызда орын алған қуаңшылық салдарын тілге тиек етті. Атап өтсек, қуаншылық әсерінен мал азығы тапшы. Осы орайда, жем-шөп бағасы шарықтап кетіп, ауыл халқын шарасыз қәлге түсіргенін жеткізді. Ал, Ералиев Мақсұт ауыл ішіндегі аяқ суды қамтамасыз ететін техниканың тозығы жеткендіктен, көгалдандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын айтты. Қойылған әр сұраққа, депутаттар тарапынан жауап берілді. Депутаттар қуаңшылық жағдайының бірінші кезекте назарда тұрған мәселе екендігін жеткізіп, жобалар дайындалғанын, соған қажетті қаржы бөлуге ықпал жасап, бақылауда ұстайтындықтарын білдірді.