Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қуаңшылық қайталанбай ма?

Қуаңшылық қайталанбай ма?

2021 жылы ауыл-аймаққа сапарымыз барысында қуаңшылықтан қатты зардап шеккен елді мекендерді аралағанбыз. Биыл бұл нәубет қайталанбай ма? Билік органдары соған жол бермеу үшін не істеді? Қандай жұмыстар жасалды? Биылғы өңірлерге сапарымыз барысында осы мәселелерге ден қойдым.
Сонымен, Қызылорда облысының Арал ауданында былтыр болған қуаңшылыққа байланысты атқарылған жұмыстар туралы айта отырсақ.
Өңірде қалыптасқан күрделі ахуалды тұрақтандыру мақсатында тиісті шаралар қабылданғаны байқалады. 2021 жылдың 13 шілдесінен бастап аудан аумағында төтенше жағдай жарияланды.
Құрғақшылық салдарынан 600 бас мал шығынға ұшыраған болатын. Олардың өлекселелері толықтай рәсімделіп, ветеринариялық талапқа сай жойылған.
Мал шығынының алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында ауыл тұрғындарынан құралған еріктілер көмегімен суаттар мен көл жиектеріне кезекшілік ұйымдастырылды. Себебі талғажау таппай, әбден әлсіреген мал су жегіндегі шалшық-батпаққа батып, одан өз бетінше шыға алмай, қырылған.
Хабарламалар қабылдау үшін САLL-орталығы іске қосылды.
Сондай-ақ, ветеринариялық топтар ауру малдарға тегін емдеу жүргізілді. Бұл өз кезегінде мал өлімін тоқтатуға септігін тигізді.
Сондай-ақ, шөптің шығымына қарай ауылдық округтер «қызыл», «сары» және «жасыл» болып үш аймаққа бөлініп, тізбесі бекітілді. Оның ішінде қызыл аймаққа – 13 ауылдық округ, сары аймаққа – 7 ауылдық округ, ал жасыл аймаққа – 3 ауылдық округ енгізілді.
Атап айтқанда, алдымен Сырдария өзенінің бойындағы жайылымдық, шабындық, егістік, Ақшатау, Қамыстыбас көлдер жүйесін суландыратын 8 арна-каналды (Бектау, Дің, Қулы, Ақшақыз, Қайролла, Ералы, Жыланды, Нұралыжарма) тазарту, жаңадан су тоспаларын салу және жобалау жұмыстары жоспарланды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған арналарды тиісті деңгейде суландыру үшін Сырдария өзенінің «Бұрмақұлақ» арнасын бөгеп, «Аспай» суағытқысын іске қосудың тиімділігі пысықталды.
Бұдан бөлек, ауданда есепке алынған 49 су ұңғымасының құжаттарын әзірлеу, яғни, мемлекеттік теңгерімге алу, оның ішінде қызыл аймақтағы 15-ін шұғыл іске қосу үшін қаржыландыру мүмкіндіктері қаралды.
Сондай-ақ, Ақирек, Аманөткел, Бекбауыл, Жетес би және Райым ауылдық округтеріне шабындық алқаптарды суландыру, қосымша жоңышқа дақылдарын егуге, шөптің қорын молайтып қыстық мал азығын дайындау мақсатында 5 дана СНП-500 су айдау сорғысын алу және ауданда мал азығын дайындау мәселесін шешу үшін арнайы сервистік орталықтар құру жоспарланды.
Аудандағы ауыз су тасымалынан қиындық көріп отырған Ақбасты және Беларан ауылдық округтерінің мәселесі де назардан тыс қалмай, осыған орай су таситын автокөлік алуға қажетті қаржы көздерін қарастыру жоспарланыпты.
Осы жоспарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 289 миллион теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаржы бірінші кезекте атқарылатын жұмыстарға жұмсалыпты.
Бүгінде Қызылжар елді мекені тұсындағы «Бектау» (31,1 млн теңге), «Дің» (24,1 млн теңге) және Ақбай егістік алқабындағы Шолақарық (62 млн теңге) арналары қазылып, пайдалануға беріліді. Қазіргі кезде Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі Ералы және Қаратерең ауылдық округіне қарасты Жыланды арналарын қазу жұмыстары қарқынды жүргізілді, бұл 2022 жылы жалғасын табатын болады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде биыл барлығы 16 мың гектар шабындық және жайылымдық жерлер суландырылатын болады.
Бұдан бөлек, Аманөткел елді мекеніндегі «Бұрмақұлақ» (41,1 млн теңге) учаскесінде дария арнасы бөгелді.
Сондай-ақ, елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Ақирек ауылдық округіне 2 дана (СНП-500/10) және Жаңақұрылыс ауылдық округіне 1 дана (СНП-500/10) дизельді су насосы (28,8 млн теңге) берілді.
Жайылымдық жерлерді суландару бағытында Мергенсай елді мекеніне қарасты «Үшшоқы» (30,1 млн теңге) су ұңғымасы, Құланды ауылдық округінен «Бурабай» (42,1 млн теңге) су ұңғымасы, Сексеуіл кетінен «Қаракөл» (19,5 млн теңге) су ұңғымасы, Аққұм ауылдық округінен «Шәден» (16,2 млн теңге) су ұңғымасы және Беларан ауылдық округінен «Жыңғылдықақ» (жеке қор есебінен 43 млн теңге) су ұңғымаларын қазу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Аудан бойынша орналасқан бірінші кезекте қажетті 49 су ұңғымаларын құжаттандыру мақсатында облыстық бюджеттен 6,1 млн теңге бөлініп, қажетті құжаттары рәсімделіпті (жер актісі, техникалық құжатты, мемлекеттік тіркеу). Тиісті қала, кент және ауылдық округтердің теңгеріміне өткізу жұмыстары атқарылуда.
Бұдан бөлек, түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 56 су ұңғымасы анықталған, олар иесіз мүлік ретінде есепке алынды.
Ал, жем-шөп тасымалы үшін жанар-жағармайға облыстың жергілікті резервінен 49,5 млн теңге бөлініп, ауылдық округтегі жеке шаруашылықтарға берілді. Осы қаржыға 247,5 тонна жанармай қоры жасақталып, оған 16 733 тонна шөп қоры сырттан тасымалданды.
Жалпы Арал ауданында 7 271 гектар шабындық, 474 605 гектар жайлымдық, 2 549 инженерлік жүйе тартылған жер бар (егіс егуге). 2022 жылы егіс көлемін ұлғайту бағытында тиісті ауылдық округтерден егіс егу карталары әзірленіп, өнім алу көлемін арттыру шаралары қабылданды. Бұл бағытта ауданның 2022-2024 жылдарға арналған ауылшаруашылығын дамытудың Жол картасы жасалып, бектілді. Егіс көлемін 800 гектардан 3000 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.
Төртінші, ауыз су мәселесі ескеріліп, Құланды және Тастүбек елді мекендеріне арнайы су таситын 2 дана водавоз көлігін алуға 44 млн теңге бөлініп, Беларан ауылдық округіне бір данасы табысталды. Екінші автокөлікті табыстау шаралары 2022 жылдың келісім шарт бойынша ақпан айында берілетін болады.
Жалпы, 2021-2022 жылғы қыста ауданға қажетті шөп төрт түлік, яғни, 205 822 бас малға 180 күнге 184 640 тонна көлемінде нақтыланды.
Бұл мәселе бойынша аудандық штаб күнделікті мониторинг жасады, жергілікті шаруа қожалықтарымен бірге тиісті есептемелер жүргізілді. Қазір ауданға сырттан тасымалданған шөптің есебі 174 869 тонна болса, өткен жылдан қалған шөп көлемі 4 512 тонна. Ал аудан территориясынан орылған шөп көлемі 41 098 тоннаға жетіп отыр. Негізі Қарақұм, Атанши, Сазды, Қаратерең, Жаңақұрылыс және Қарашалаң елді мекендеріне қарасты шабындық алқаптан шөп шабу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Барлық мүмкіншіліктер қарастырылып, шөп қорын молайту бағытында шаралар қабылданды. Яғни бүгінде ауданға қажетті 184 640 тоннаның 174 869 тоннасы (жеке тұрғындарға 127 131 тонна, шаруа қожалықтарына 47 738 тонна) қамтамасыз етілді (94,6%).
Бұдан бөлек, ауданда енгізілген былтырғы төтенше жағдайға байланысты арнайы жұмысшы топ құрылып, күнделікті қуаңшылыққа байланысты шараларға мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ, Арал қаласының және 12 елді мекеннің ерікті азаматтарынан құралған жасақтар Қазалы ауданының Қарашеңгел, Көларық округінен, Қармақшы ауданының Жаңажол ауылынан және Сырдария ауданы Нағи Ілиясов және Шіркейлі ауылдарының шабындық жерлерінен қажетті шөптерін орып, тасымалдап алды.
17 елді мекен – Арал қаласы, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттері, Жетес би, Қосжар, Райым, Ақирек, Қаратерең, Қамыстыбас, Жаңақұрылыс, Бекбауыл, Атанши, Бөген, Аралқұм, Қарақұм, Аққұм, Қосаман ауылдық округтері толығымен қысқы мал азығы қорларымен қамтылды.
Бұдан бөлек, көршілес Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына барып, жергілікті шаруашылықтармен кездесіп шөп бағасын қолжетімді етумен қатар олардың шабындық жерлерін оруға келісілді. Қарақұм (10) және Атанши (2) ауылдық округтерінен 12 бригада шөп шабу, мал азығын дайындау жұмыстарын желтоқсан айына дейін жүргізді.
Кейінгі кезде дау тудырған субсидия мәселесіне де тоқталсақ.
Былтыр Үкімет берген субсидия аудан шаруаларына жақсы демеу болды. Шаруа қожалықтардың есебіндегі мал басына төленетін жем-шөптік азыққа субсидияға ауданның 184 шаруа қожалығы жалпы саны 298 өтініш тапсырып, 219,6 млн теңге көлемінде қаржы алды.
Осы мемлекеттік қолдау арқасында ауданда болған құрғақшылыққа қарамастан, шаруаларымыз мал басын асылдандыру, түрлендіру бағытында жұмыстарды да қарқынды жүріп жатыр.
Биылдың өзінде 4 бірдей шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Асыл тұқымды» мал өсіруші мәртебесіне ие болды.
Аманөткел ауылдық округінен «Жанғылыш» шаруа қожалығы шетелден 58 бас мүйізді ірі қара малын сатып алуға 31 млн 900 мың теңге несие алып, Ресейден 58 бас «Қалмақ» асыл тұқымды ірі қара малын ауданға алып келді. Оған 13 млн 50 мың теңге субсидия төленді. Бұдан бөлек, 2022 жылдың қаңтар айында осы Аманөткел ауылдық округінен «Жарылғасын» шаруа қожалығы «Арал-Ырысы» несие серіктестігі арқылы 20 млн теңге несие алып, 44 бас қазақтың Ақбас сиыры тұқымын сатып алды.
Аудан бойынша 3 шаруашылық (Аққұм а/о, «Әлижан ШҚ» – 12 млн теңге, 300 бас; Құланды а/о, «Талап» ШҚ – 12 млн теңге, 300 бас; Қарақұм а/о, «Аян» ШҚ – 10,8 млн. теңге, 241 бас) 841 бас қой сатып алу үшін 34,8 млн теңге несие алып, 541 бас асыл тұқымды және 300 бас тауарлы қой сатып алды. Яғни, дала төсі ары қарай малға толуда.
Енді келешек көкжиегіне көз жүгіртсек:
2022 жылы келесідей атқарылатын жұмыстар жобаланған:
Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Нұралы жарма» арнасының сағасына су тоспасын салудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Аманөткел ауылдық округіндегі «Қулы», «Ақшақыз» және Ақирек ауылдық округіндегі «Қайролла» арнасын тазалау және су тоспасын салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ 156 млн теңге) әзірленіп, облыстық экономика басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазір жоғарыда аталған арналарға мелиоративтік жұмыстар жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу көздері қарастырылуда.
Сондай-ақ, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін суландыру үшін Аманөткел ауылының тұсында (Мырзас өңірінен) су торабын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемісін әзірлеуге облыстық бюджеттен 13,8 млн теңге бөлініп, кезең-кезеңмен су торабының құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.
Мал жайылымдық жерлердегі су ұңғымаларына қайта түгендеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 56 су ұңғымалары анықталып, иесіз мүлік ретінде есепке алынды (су ұңғымаларын құжаттандыру үшін 7,3 млн теңге қаржы қажет етіледі).
11 дана су ұңғымаларының қазу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, егістік және шабындық жерлерді суару үшін ауданға қажетті 10 дана ДНУ-200/75 дизелді су айдау сорғыларын алу үшін облыстық бюджеттен 83,1 млн теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.
Бұл деректер мен сандар бір жағынан оқырманды зеріктіруі мүмкін. Бірақ ол ауданда нақты жұмыс жасалып жатқанын байқатады. Нақты істерді түсіну үшін нақтылық керек деген. Енді бұл жұмыстар тиімді болып, биылғы жылы қуаңшылықтың халыққа зардабы ауыр болмайды деген үміт бар.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚызылордаОблысы #Арал #deputatnurotan #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве