Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Тек жақсы жағын айтумен шектелмей, шекарашыларымыздың мәселелеріне де тоқтала кетейін.

Тек жақсы жағын айтумен шектелмей, шекарашыларымыздың мәселелеріне де тоқтала кетейін.
Әрине, шекарашыларымыз қайсар, жанкешті, шыдамды азаматтар, сұрасаң да шағымдана бермейді. Сондықтан Өзбекстанмен шектесетін Қызылорда облысының Жалағаш ауданынан 260 шақырым қашықта орналасқан «Төрешқұдық» шекара бөлімшесінің мәселелері жайында Аққыр ауылдық округінің әкімі Жаңабек Матаев айтып берді.
–Жалпы, «Төрешқұдық» шекара бөлімшесінде әскерилерімізге Отан алдындағы борышын өтеуге толық жағдай жасалған. Әскерилерімізбен сөйлесіп жүрміз, көп мәселе жоқ. Дегенмен, көлікке қатысты мәселе болып тұрады. Өйткені шекара заставасының орналасқан жері құмды, шөлді. Барқандар ортасында жатыр. Кез келген көлік ол жақта жүре алмайды, жол талғамайтын көліктер де батып қалып жатады. Сондықтан оларды заманауи жаңа көліктермен, соның ішінде жүк көліктерімен қамтамасыз еткен жөн. Әйтпесе, кеңестік үлгідегі «Урал» өту қабілеті жоғары, ірі тоннажды жүк автомобилдерін қолданады. Сонымен қатар шекара бөлімшесі ауылдық елді мекендерден қиянда орналасқан. Әрі табиғаты аса қатал. Қызметтік көліктері сынып қалса, темір-терсегін, запастық бөлшектерін табу күрделенеді. Сол себепті онда жабық типті үлгідегі шағын жөндеу бекетін салып, жабдықтаған абзал, – деді Аққыр әкімі Жаңабек Матаев.
Бұдан бөлек, ауыз сумен қамтуға, қоршауға қатысты мәселелер анықталды. Бұл мәселелерді жоғарыға жеткіземіз. Шешіледі.
Төменде – толықтырылған бейнесюжет.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚызылордаОблысы #Төрешқұдық #Шекара #deputatamanat #Amanat