Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
13.04.17 г. опубликована статья на сайте Казинформ

 

13 Сәуір 2017, 16:49

Бақытбек Смағұл: Елбасының мақаласы - Мәңгілік елдің «рухани даму тұжырымдамасы»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қазақстандық қоғамның және Мәңгілік елдің «рухани даму тұжырымдамасы» деп атауға да болады. Сол арқылы Қазақстанның мәдениеті жаһандық кеңістікке қанат қағады, ал білімі мен ғылымы инновациялар мен технология өрісіне өркен жаяды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл осындай пікір білдірді.                

«Елбасы қазақстандықтар алдында шын мәнінде шығармашылық еркіндік пен өмірлік мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл - заманауи дамудың шарты, алтын арқауы. Оны дер уақытында пайдалана алуға, іске асыра білуге тиіспіз», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі заман қажырлы еңбекті, қайратты күресті талап етеді. Қазақстан көшбасшысы айтқанындай, біз ұлттық кодымызды сақтап, болмысымызды жат идеологиялардан қорғауымыз керек. Және мемлекеттілікке төнген жаһандық сын-қатерлер саны артқан сайын «күрес кеңістігі» де кеңеюде: мемлекеттер үш басты аждахадай анталаған экстремизммен, сепаратизммен, терроризммен күресуге мәжбүр.

«Тынымсыз күрестен қажыған, әлеуетін түгескен елдер өз тарихының соңына таяйды, жолының тығырық, тұйығына тіреледі. Ал жасампаздық танытып, ұдайы жаңғыру жолынан таймаған мемлекеттер ғана кезекті тарихи белесіне көтеріледі. Қазақстан рухани кемелденген мемлекетке айналса, өз дамуын «Болашақ прогресс қуатымен» толтыратын болады», - дейді Б.Смағұл.