Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
15.05.2017 г. в газете "Егемен Қазақстан" опубликована статья "Құрылтай жоғары деңгейде өтуі тиіс"

 Құрылтай жоғары деңгейде өтуі тиіс Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы биылғы жылдың 22-25 маусымы аралығында Астанада өтеді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 15.05.2017 114 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Үкімет үйінде Премьер-Ми­нистрдің бірінші орын­басары Асқар Маминнің төрағалығымен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайын өткізуге дайындық бойынша Ұйымдастыру коми­тетінің бірінші отырысы өтті. А.Мамин 1992 жылдан бері бес жылда бір рет Құрылтай өткізілетіндігін айтты. Биыл IV құрылтай 22-25 маусым аралығында Астанада өтеді. Шараның салтанатты ашылуы 23 маусым күні «Назарбаев Университетінде» болады.  Отырыс барысында Мәдениет және спорт вице-министрі А.Ра­йым­құлованың, Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы Төраға­сының бірінші орынбасары Т.Мамашевтің баяндамалары тыңдалды.  А.Райымқұлованың айтуын­­ша, V құрыл­тайға әлемнің 38 елі­нен қазақ диаспора­сының 350 шетел­дік өкілі, 370 қазақстандық интеллигенция мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қатысады.  Құрылтай аясында «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» халықаралық конференциясы өтеді, делегаттар үшін Астана­ның көрікті жерлеріне, ЭКС­ПО-2017 халықаралық көрме­сіне, «Этно-ауыл» кешеніне сая­хаттар ұйым­дастыры­лады. Бірқатар министр­лік­терде дөңгелек үстел­дер мен семинарлар өткізіледі.  Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Астана және Алматы қалаларының әкім­дігі мен мемлекеттік орган­дарға бірқатар нақты тапсырма берді. А.Мамин құрылтайды жо­ғары деңгейде өткізу керектігін атап өтті.

Толығырақ: 
https://egemen.kz/article/quryltay-zhoghary-denhgeyde-oetui-tiis
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!