Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
21.09.2017 г.. Опубликована статья "Жаңғыру мен дамудың ұстыны" в газете "Егемен Қазақстан"

 Жаңғыру мен дамудың ұстыны Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы Ел­басының қазақ тілін біртіндеп латын әліп­биіне көшіру бастамасын қолдайды.  21.09.2017 304 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Осы ар­қы­лы еліміз қазіргі заманғы технологиялық орта­ға, коммуникацияға, сондай-ақ ғылым және білім беру процесіне тереңірек кіріге түседі. Мемлекет бұл іске барынша байыптылықпен, дәйектілікпен және дайындықпен кірісуде. Енді, міне, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жобасын жалпыхалықтық талқылау басталды. Қазақтың жаңа жазуының сыншысы да, тілекшісі де, төрешісі де халық болмақ. Демек әліпбидің ақырғы нұсқасының қандай болатыны да барша қазақстандықтарға байланысты болуы тиіс. Бұл бастама бөлініп-жарылуға емес, ескіден арылуға, сананың жаңғыруына, мемлекеттік тілдің жаңаша дамуына бастайды. Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарына әлденені сырттан таңуға ешкімнің хақысы жоқ. Бұл – біздің, Қазақстанның тәуелсіз, өркениеттік таңдауы. Бұл таңдауда да барша қазақстандықтардың ке­зекті рет ырыс пен ізгілікке ұштасар бірауыз­дылық танытарына сенім білдіреміз. Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары  «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл

Толығырақ: https://egemen.kz/article/158591-zhanhghyru-men-damudynh-ustyny
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!