Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
05.10.2017 г. Опубликована статья "Шекара бекеттеріне батырлар аты беріледі" в газете "Айқын"

 

Мәжілістің жалпы отырысында Елбасы жариялаған рухани жаңғыру жалпыұлттық жобасы аясында өзге елдерге де үлгі болар жаңа бастама жария етілді. Бұл ретте «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Б.Смағұл Президенттің рухани жаңғыру аясында қойған міндеттеріне тоқтала келе, ұлан-ғайыр жеріміздің шебін ғасырлар бойы жанқиярлықпен қорғаған батыр бабаларымызды ұлықтаудың жаңа жолын ұсынды.

Үкімет басшысының орынбасары Е.Досаевқа жолданған бұл депутаттық сауалда бүгінде 5 мемлекетпен шектесетін және жалпы ұзындығы 15 мың ша­қырымдай болатын шекарамызда 300-ге жуық шекара заставасы құрылғаны айтылады.
– Осы заставаларға «сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да ұстатпай, ұрпағына толық мирас еткен» батыр бабаларымыздың атын берсек, орынды болар еді. Мұның ұлағатты үлгісі де бар. 2017 жылдың 3 сәуірінде қабылданған №157 Үкімет қаулысына сәйкес, Қызылорда шекара отрядының 2019 әскери бөлімінің «Қызылқұм» шекара заставасы Жанқожа батырдың атымен қайта аталды. Осының алдында, 2014 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында өткен, Жанқожа Нұрмұхам­медұлының 240 жылдығына арналған республикалық ауқымдағы іс-шара бары­сында Қызылқұмдағы шекара бекетіне батырдың есімін беру бастамасын көтерген болатынмын. Бұл бастама жүзеге асты, – деді Бақытбек Смағұл.
Оның айтуынша, бұл біріншіден, ел шебі мен ұлттық қауіпсіздікті қорғаушы шекарашыларымызды дарқан далаға қалқан болған батыр бабалардың ұлы рухында тәрбиелеуге үлес қосады. Екіншіден, Қазақстан тарихында ерекше орын алар тұлғалардың атын мәңгі қал­дыруға қызмет етеді. Үшіншіден, Елбасы рухани жаңғырудың «Туған жер» бағ­дарламасы аясында ұсынғандай, бұл «есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері» арқылы жас ұрпақтың туған жер тарихын тануына ықпал жасайды. Төртіншіден, батыр бабалар атымен аталған шекаралық заставалар – өзге мемлекеттер азаматтарына Қазақстанды әз тарихын және ер ұландарын ұлықтайтын, ұмытпайтын, солардың биік рухымен рухтанатын өр әрі өркенді ел ретінде көрсетіп тұрады. Сондықтан нұротандық депутат Үкімет басшылығынан Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Наурызбай, Ер Жәнібек, Райымбек, Жалаңтөс баһадүр және басқа да байырғыдан бергіге дейінгі батырларымыздың есімдерін еліміздің әр өңіріндегі шекара заставаларына беру мәселесін қарастырып, тиісті нұсқау беруді сұрады.
«Нұр Отан» атынан сайланған депутат Б.Ізмұхамбетов өз сауалында Премьер-министрге соңғы кездері Каспий жағалауы және су басу аумағында апатты ұңғы­малардан мұнай ағу фактілері жиі тіркеліп отырғанын жеткізді. Осыған орай ол «апаттық ұңғымалардың кімдерге тиесілі екенін және кім тығындайтынын» анықтап беруді өтінді.
Премьер-министр Б.Сағынтаевқа жүгінген нұротандық депутат М.Бопазов мәслихат хатшыларының жалақылары мәслихат аппараты қызметкерлерінен төмен екендігіне назар аудартты. «Ел Үкіметінің 2015 жылғы қаулысына сәйкес, «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер еңбекақылары 30 пайызға өсті. Саны 213 адамды құрайтын мәслихат хатшылары аталған қаулы шеңберіне кірмей қалды» деген депутат Премьер-министрден осы мәселені шешуді сұрады.
Нұротандық депутат Б.Мәкен өз де­путаттық сауалында ЖОО-ларда жатақ­ха­на­­лар­дың жетіспеушілігі мәселесін кө­тер­ді. «Республикада жалпы 101 614 студент жатақхананы қажет етеді, соның 67 780-і не 66 пайызы ғана ЖОО жатақханаларында тұрады» деді ол.
«Нұр Отан» фракциясының мүшесі Қ.Ержан вице-премьер – Ауыл ша­руашылығы министрі А.Мырзахметовке қайырылып, зиянкестермен күреске бөлінген қаражат тиімді пайдаланыл­майтынына назар аудартты. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын химиялық қорғауға арналған бюджет қаражаттарын әртүрлі нысандағы кәсіпорындарға емес, тікелей шаруа қожалықтарына, гер­бицидтерге, отандық препараттарға –
48 пайыз және импорттық препараттарға 28 пайыз субсидия алу түрінде бөлуді сұраймын» деді депутат.
«Нұр Отан» атынан сайланған депутат Қ.Қаракен Қаржы министрі Б.Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовке жүгініп, «Қазгидромет» бастан кешіп отырған қиыншылықтар жа­йын қаузады. «Бүгінде еліміздің метеороло­гиялық мониторингпен қам­ты­луы – 78 пайызды, агрометеорологиялық – 72,5 пайызды, гидрологиялық – 61 па­йыз­ды және қоршаған орта ахуалына мо­­­ниторинг­пен қамтамасыз етілуі 56 па­йыз­ды құрайды» деген депутат бірқатар стансада метеоро­логиялық бақылау қыс­қар­тылған бағ­дар­лама бойынша жүргізіле­ті­ніне қынжылыс білдірді.
Нұротандық депутат А.Платонов вице-премьер Е.Досаевты көрші елдер уни­верситеттеріне оқуға кететін түлектердің легін қысқартатын жеке бағдарлама қабыл­дауға шақырды. Себебі, шәкірттері Ресейде оқитын елдер арасында Қазақстан көшбасшы орынға шығыпты. «Ресей Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2014-2015 оқу жылында бұл елде 75 мың­нан астам қазақстандық студент оқыған» деді депутат.
Қалаулылар өз депутаттық сауалдарына жауапты жазбаша түрде әрі белгіленген мерзімде жолдауды сұрады.
Ерік ЕРДЕНОВ