Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
14.10.2017 г. опубликована статья "Ардагерлер бас қосты" в газете "Айқын"

 

Елбасы – ҚР қарулы күштері­нің Жоғарғы Бас Қолбас­­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жалпыұлт­тық жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлері ұйым­дары­ның «Қазақстан ардагер­лері» қауымдасты­ғы­ның кезекті V съезі өтті. 

Жиынға Қорғаныс министр­лігінің Бас штаб бастығының орын­басары Мұхамеджан Тала­сов, Мәжіліс депутаты, Ауған со­ғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауым­дастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, Ауған соғысының арда­гері, бас штабтың барлау бас­қар­масы арнаулы әскерінің 177 бри­гада командирі Борис Керімбаев және басқа ардагерлер қатысып, қордаланған мәселелерді ортаға салды.

– Бүгінгі таңда ауған соғысы ардагерлерінің мәселелері қан­шалықты шешілген? Әлеуметтік жағдайы дұрысталды ма? Жо­-ғары мінберлерден қандай сұрақ­тар көтерілді, қолымызды енді не бай­­лап отыр? Оларға Үкімет та­рапынан қандай жеңілдіктер бар? Ұлы Отан соғысында ерлік жа­са­ған алдыңғы буынның лайықты із­басары ретінде, орны қай жер­де, мәртебесін анықтай алдық па?
Біздің бас қосқандағы мақ­сатымыз – осындай көкейдегі көп сұрақтың жауабын іздеу. Өйт­кені бүгінгі таңда біраз жеңіл­­діктер қарастырыл­ға­ны­мен, бізді ойландыратын дү­ние­лер әлі де бар. Мәселен, ауған соғысы ардагерлеріне берілген пә­тер, өзі өмірден өткеннен кейін бала-шаға­сына қалды­рыл­майды. То­қы­­­рау жылдары мар­дымсыз ақ­шамен еңбек демалы­сына шық­қан азамат­тарымыздың зей­нетақы­сын қай­та қарау қа­жет­тігі де күн тәр­ті­бін­де тұр. Тәжік-Ауған со­ғы­сына қатысқан сар­баз­дары­мыз да ескерусіз қал­мауы тиіс.
Бүгін еліміздің әр түкпіріндегі ардагерлердің аманатын арқа­лап ұйым жетекшілері, елімізге та­нымал азаматтар, мүмкіндігі шек­теулі замандастарымыз келіп отыр. Олар «мүгедекпін» деп мү­діріп, «кемтармын» деп кідіріп қалған жоқ. Әр салада мемле­кетіміздің мүддесімен мүдделес қызмет атқарып, еліміздің руха­-ни жаңғыруына өз үлестерін қо­сып жатыр.
Қазақстан Қарулы Күштері­нің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының салтанатты шерулерде сәлемдесу рәсіміне «Сәлеметсіздер ме?» деген сөз­дің орнына «Армысыздар, ай­бын­ды сарбаздар!», ал күнделікті әскери қызметте «Армысыңдар, сарбаздар!», «Армысыздар, офицер мырзалар!» деген тіркес­тер­ді қолдану туралы ұсыныс енгіздік.
Сонымен қатар «Ар-Намыс» кодексінің бес саласына ұсыныс жасап, соның үшеуінің сәйкес келгендігі – біздің осы ортадағы бағытымызды жоғалтпағаны­мыз­дың белгісі.
Міне, жаңғырудың жаңаша түрі, бодандықтан арылудың жолы. Елбасымыздың қамқор­лығы, бізге артқан жауапкер­шілігі, – дейді Бақытбек Смағұл.
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан арда­герлері» қауымдастығы жас­та­рымыздың патриоттық сезімін еселей түсу үшін, Бауыржан Момышұлы бейнелеген екі дә­режелі орден тағайындау туралы да өз ойларын жеткізді. Бұл мара­пат ҚР Қарулы Күштері­нің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тара­пынан ерлігі мен еңбегімен ерек­ше көзге түскен жауын­гер­лер­ге тапсырылатын болады.
Жиын соңында ардагерлер ар­найы резолюция қабылдап, онда ардагерлердің құқын қорғау, Ауған жерінен Кеңес әскерлері­нің шығарылғанына 30 жыл то­луы­на орай, салтанатты шара ұйым­дастыру, Интернацио­на­лист-жауынгер күнін бекіту, Ауған соғысының ардагері, бас штабтың барлау басқармасы ар­наулы әскерінің 177 бригадасы командирі Борис Керімбаевты «Халық Қаһарманы» атағына ұсыну, әр облыста Ауған соғы­сын­да қаза тапқан жауынгер­лер­-­ге ескерткіш орнату, Қауым­дас­тықтың сайтын ашу сияқты ұсы­ныстарын тиісті орындарға жол­дады.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ