Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
07.02.2018 г. опубликована статья "Депутатқа дән риза" в газете "Айқын".

 

ДЕПУТАТҚА ДӘН РИЗА

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жеке қабылдауын өткізді. 

Қабылдауға 5 адам жазылды. Қолдау табамын деген үмітпен келгендердің мәселелері негізінен әлеуметтік жағ­дайларға байланысты. Қабылдауға келген астаналық Бибігүл Қабдушева баспанаға мұқтаждығын жеткізіп, халық қалау­лысынан көмек сұрады. Бүгінде мектеп жасындағы үш бала тәрбиелеп отырған ана, алатын айлығы пәтер жалдауы мен күнкөрісінен артыл­майтынын айтты. Үй кезегінде 12 жыл­дан бері тұр екен, қазір 391-орынға жыл­жыған.
Депутат Бақытбек Смағұл мәселенің мән-жайын мұқият тыңдап, қайырым­ды­лық танытты. Қабылдау үстінде Бибігүлге уақытша тегін тұратын баспана тауып берді. Бұдан бөлек, балаларының бірін әскери оқу орнына түсуге көмектесетінін жеткізді.
Алматы қаласынан бейнеконферен­циялық байланыс арқылы шыққан Гүлмира Таймұхамедова баспана дауы бойынша сот шешімдерімен келіспейтінін айтып, депутаттан жәрдем көрсетуін сұрады. Бұған қатысты қолданыстағы заңдар аясында түсіндірулер беріліп, депутат азаматшадан өтінішін қарау үшін электронды адреске жолдауын сұрады.
Алпысты алқымдап қалған Бауыржан Бекхожин өзінің II топтағы мүгедек екенін, зейнетақысы емделуіне жетпей қалатынын айтып келді. Сондай-ақ денсаулығының сыр беруіне байланысты ота жасату керек болып жатыр екен. Оған қатысты депутат өтінішін қабылдап, қажетті дәрі-дәрмек сатып алуына және әскери ауруханада емделуіне ықпал етті.
Сонымен қатар Бауыржан Бекхожин баспанаға қол жеткізе алмай жүргеніне байланысты да көмек сұрады. Қазір баспана алу кезегі бойынша 691-орында екен. Тұрғынның бұл өтініші де қабыл­данды. Депутаттың бұл жанашырлығына тұрғын ризашылық танытып, алғысын білдіріп, қол алысты.
Айта кетейік, Бақытбек Смағұлдың жеке қабылдауы депутаттың туған күнімен тұспа-тұс келген екен. Төл мерекесінде көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасап отырғанына қуанышты екенін білдірді.
Нұрай РАХЫМ