Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
05.10.2018 г. в газете "Егемен Қазақстан" опубликована статья по Посланию Президента РК "Жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз".

 Жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз - Бақытбек Смағұл Тәуелсіздік жылдары жұртымыз Елбасының көшбасшылығымен теңдесі жоқ серпінді реформалар жүргізді, елді жаңғыртты, Қазақстанды жаңа биіктерге көтерді. Соның арқасында Қазақстан күйреген Кеңес одағының үйіндісіндегі жер бауырлап жатқан республикадан қазір өз өңіріндегі ең бір тиімді мемлекетке айналып шыға келді. 05.10.2018 289 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Қазақ елі сол арқылы өзгелерді де өз өнегесімен өрге бастайтын үздік үлгіге, ұлағатты ұстазға, жасампаз көшбасшыға айналуда. Бұған посткеңестік елдердің, сондай-ақ Азия мен Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің президенттері мен үкімет басшыларының тиісті мәлімдемелері куә. Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Еліміз көш басында қалуы үшін ұдайы ілгері басуы шарт. Сондықтан ел Президенті бүгінгі Жолдауында: «Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз!» деп мәлімдеді. Енді көптеген салаларды кешенді реформалар мен құрылымдық өзгерістер күтеді. Бұлар бүгін Елбасы жариялаған «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру» міндетінен өрбімек. «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біздің ауған ардагерлері де хабарласып, бұл Жолдауда Елбасымыздың Үкімет алдына «мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту» міндетін қойғанын үлкен ризашылықпен қабылдағандарын айтуда. Халқымыздың өршіл рухы, ұлттық ұстыны, асқақ айбары өскелең ұрпақ бойына бүлдіршін кезінен сіңсе, олар болашақта жаңа биіктерге қанаттанып, ұлы мұрат-мақсаттарға құлаш сілтейтін болады. Елбасының осы Жолдауда айтылған, жалпы құны 1,5 триллион теңгеден асатын, ал жиынтық әсері одан да көп болатын ғаламат бастамалары қолға алынысымен, Қазақстан халқы олардың игілігі мен оң өзгерістерін сезіне бастайды деген сенімдемін. Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы

Толығырақ: https://egemen.kz/article/175621-zhanha-mindetterdi-atqarugha-dayynbyz-baqytbek-smaghul
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!