Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ БЕКЕМДЕЙДІ

Мемлекет басшысының би­ыл­ғы 9 маусымда ел Президен­тінің кезектен тыс сайлауын өт­кі­зу туралы шешімі қолдауға ла­йық. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, Қазақстан дү­ние­жүзіндегі ең озық дамыған отыз мемлекеттің біріне айналуға ден қойғаны мәлім. Ол үшін елі­міз әлемдегі қарқынды өзгерген жағдайларға жылдам әрі ұтымды бейімделе білгені жөн. Демек, бұл қадам сайлау секілді мемле­кеттік маңызды істі келер жылға дейін созбалаңға салмай, әлем­дегі ахуалдың одан ары күрде­ле­нуін күтпей, алдын ала қимыл­дау­ға бағытталуда. Әйтпесе, те­геуріні төтен, тепкісі қатты за­манда электоралды кезеңнің көпке ұзауы мемлекеттің дамуын тежеуі, көшін кері кетіруі ықтимал. Екіншіден, бұл билік тран­зитін аяқтау, мемлекет тағдырын, ел тізгінін Қазақстан халқы сайлаған Президентке табыстау үшін керек. Осының арқасында мемлекет өз ішіндегі қоғамдық пікірді ты­ныштандырып қана қоймай, өзі­не сұқ көзін қадаған, суық сө­зін арнаған сыртқы күштерді де сабасына түсіреді, олардың елдегі билік ауысуын пайда­ланып, қарау ниеттерін жүзеге асыруына жол бермейді. Үшіншіден, бұл ел эконо­ми­касына мол қаржы салған шетел­дік инвесторларды алаңдау­шы­лықтан арылту үшін де қажет: олар елдің тізгіні тұрақты прези­дентте болуын қалайды. Қазіргі кезде алмағайып әлем аласапыранға түсуде. Көптеген елдер саяси, әлеуметтік, эконо­микалық қиыншылықтар мен қайшылықтар қыспағында қа­луда. Ал Қазақстан жаһан­да­ну­дың бұл теріс құбылыстарына қарсы қарымды қайрат көрсетіп, тегеурінді тоспа құрып, олардың мемлекетке және өз азаматтарына нұқсан келтіруіне жол бермеуде. Оның орнына Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамалары арқа­сында мемлекетіміз халыққа қуатты қолдау көрсетуде. Бұл тек ауқатты, әлеуетті елдердің қо­лынан ғана келеді. Еліміздің Ата заңында: «Қа­зақстан Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымас­ты­ғының, адам және азамат құ­қық­тары мен бостандықтарының нышан-символы әрі кепілі» деп жазылған. Ендеше бұл маңызды іске барша Қазақстан халқы да жауапкершілікпен қарап, белгі­ленген күні өз ықтиярын білді­реріне сенімдімін. Осы арқылы қазақ елі кө­шіміздің түзу, ынтымағымыздың берік, бағдарымыздың айқын, келешегіміздің жарқын екенін тағы бір айғақтай түседі. Бақытбек Смағұл, QAZAQSTAN ARDAGERLERI қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты


Толығырақ: https://aikyn.kz/2019/04/1344.html