Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
03.12.2020 ж сағат 15.00-де Қуғын-сүргін құрбандарын ақтайтын мемкомиссия 1-ші жиынына жиылды

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтайтын мемкомиссия 1-ші жиынына жиылды

03.12.2020ж  сағат 15:00-де Елбасы бастамасымен, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның тұңғыш отырысы өтті. Оған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев төрағалық етті.

Бірінші отырыс онлайн форматқа негізделді. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада негізгі алаң ұйымдастырылды. Онда үстел басында Мемлекеттік комиссия төрағасы, оның орынбасарлары және күн тәртібі бойынша сөз сөйлеушілер жайғасты. Мемкомиссияның өзге мүшелері отырысқа Zoom платформасы арқылы өз жұмыс орындарынан қосылды. Мен Парламент Мәжілісіндегі жұмыс орнымнан байланысқа шықтым. Мемкомиссияға жалпы саны 49 белгілі тұлға мүше.

Жазықсыз жала жабылған, айыпсыз атып-асылған арыстар ақталмай, ел жарқын болашаққа бет қоя алмас!

Біздің алдымызда Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы елдері, Украина осы бағытта жұмыстар жүргізді. Біз солардың, шет елдердің тәжірибесін де зерделейміз.

Мемкомиссия құпия архивтермен жұмыс істейді. Бірінші отырыста осы тұрғыда маңызды бір мәселе көтерілді: бұрын құпия құжаттар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоластында мұқият сақталатын және соған қажетті барлық жағдайлар жасалған-тын. Алайда кейін ол архивтер Ішкі істер министрлігінің құзырына тапсырылыпты. Ғалымдар мен зерттеушілер: «ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайы, мамандарының даярлығы мен біліктілігі сол мұрағаттық материалдарды лайықты сақтап, қорғауға жете ме?» деп сауал тастап, алаңдаушылық білдірді.

Қалай болғанда, ең бастысы – тарихымыздың тағы бір тұсын бүтіндеуге, жоғалтқанымызды түгендеуге, кінәсіз жазаланғандарды ақтауға бағытталған маңызды қадам басталды.