Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ұлттық ұланның жағдайы қандай?

Ұлттық ұланның жағдайы қандай?

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының ғимаратында өткен көшпелі отырысына қатыстық.
Жиында «ҚР Ұлттық ұланы туралы» заңының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ құқықтық тәртіп әскерінің қызметін заңнамалық қамтамасыз ету, материалдық және қаржылық жай-күйі талқыға салынды. Біраз проблемасы сөз етілді.
Көшпелі отырысқа Мәжіліс депутаттары, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің басшылығы мен Ұлттық ұланның жоғары басшылық құрамы қатысты.
Көшпелі отырыс барысында айтылған ұсыныстар Үкіметке жіберілетін ұсыныстардың негізіне айналады және одан әрі тиісті заңнаманы жетілдіру үшін пайдаланылады.

Осы орайда назарларыңызға Ұлттық ұланға қатысты қызықты әрі өзекті ақпаратты ұсынамын. Ақпаратты Ұлттық ұлан ұсынды.
Ұлттық ұланның қаржылық жай-күйі туралы не білеміз?
Ұлттық ұланға (ҰҰ) 2021 жылы жалпы көлемі 89 миллиард 220,4 млн теңге бюджет қаражаты бөлінді.
Соның ішінде Ұлттық ұланға – 85 млрд 322 млн теңге;
ҰҰ Әскери институтына – 3 млрд 898,4 млн теңге.
1. Әскерді ұстауға арналған ағымдағы шығыстар үлесі 84%-ды құрайды (74 940,8 млн. теңге), оның ішінде:
жеке құрамға еңбекақы төлеу қоры – 47,6% (34 520 млн теңге);
қамтамасыз ету (үлес түрлері бойынша қамтамасыз ету) – 52,4%
(40 420,8 млн теңге);
2. Күрделі шығыстар (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) 12,1% құрайды (10 803,4 млн теңге).
3. Инвестициялық жобалар (авиабаза объектілерін, Әскери институттың ғимараттарын салу) 3,9% құрайды (3 476,2 млн теңге).
Әскерді жан-жақты қамтамасыз етудің негізгі мәселесі – Ұлттық ұланның 2021 жылғы бюджет қаражатының жетіспеушілігі болып отыр.
Өйткені 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығыстарын айтарлықтай оңтайландырды.
Әскердің қызметтік-жауынгерлік қызметін 2021 жылы қаржылық қамтамасыз ету бойынша ҰҰ-ның қосымша қажеттігі 37 миллиард 179,2 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен арада жыл сайын ҰҰ-ны ең төменгі қажеттілік бойынша 20 млрд 358,8 млн теңгеге қосымша қаржыландыру үшін бюджет қаражатын іздестіру мәселесі пысықталуда.
Бұл ретте ҰҰ-ның басым шығыстары мыналар:
1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету (11 276,1 млн теңге);
2. Әскерді ұстауға арналған ағымдағы шығыстар (8 748,6 млн теңге);
3. Түркістан қаласында ҰҰ әскери бөлімі үшін әскери қалашық салу (334,1 млн теңге).
Сонымен қатар, «Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада» бұған дейін Ұлттық ұлан үшін қару-жарақ сатып алуға көзделген шығыстарды қалпына келтіру мүмкіндігін қарау қажет.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері үшін белгіленген лауазымдық айлықақылардың сәйкессіздігіне назар аударған жөн. Алдағы 2021-2022 жылдар бойы ақшалай ризық алу, әскери қызметтен шығу кезінде зейнетақы, жұмыстан шығу жәрдемақысын есептеуде әлеуметтік теңсіздік байқалады.
Ұлттық ұланның 2020-2021 жылғы қызметтік-жауынгерлік қызметі туралы өзекті ақпарат
ҰҰ ұсынған дерекке жүгінсек, 2020 жылы «Ұлттық ұлан туралы» заңында, ведомстволық бұйрықтармен айқындалған міндеттер толық көлемде орындалыпты. «Ұлттық ұланды дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған жоспары» іске асырылуда.
Ұлттық ұланның әскери бөлімдері еліміз үшін маңызды – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтетін жылға абыроймен кірді, оның барысында мемлекеттік ауқымда өткізілетін маңызды саяси іс-шараларды қамтамасыз етуге белсенді қатысуы күтілуде.
Ұлттық ұлан құқықтық тәртіп күштерімен бірге жыл басынан бері қоғамдық тәртіпті ойдағыдай қамтамасыз етіп келеді.
Өткен жылы әскер бөлімшелерінің негізгі күші мыналарға бағытталды:
«COVID-19» коронавирусы пандемиясымен байланысты төтенше жағдайда жауынгерлік қызметтің кешенді міндеттерін орындау, оның барысында РХБ қорғау бөлімдері 7 қалада 158 объектіні және әскери қалашықтардың 164 объектісіне арнайы өңдеу (дезинфекциялау) жүргізді,
671 гектар өңделді;
Жамбыл облысының Қордай ауданында дағдарыстық жағдай режимін қамтамасыз ету (ақпан-мамыр);
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарларын жою (мамыр);
Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында (шілде-тамыз), Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында (ақпан), Алматы облысының Шонжы елді мекенінде (маусым) қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту.
Өзара іс-қимыл жасасатын органдармен, Қарулы Күштермен, басқа да әскерлер және әскери құралымдармен бірлесіп 75 оқу-жаттығу мен жаттығуды (оның ішінде 5 халықаралық, 5 республикалық, 11 Қарулы Күштермен, ІІМ арнайы жоспарлары бойынша өзара іс-қимыл жасасатын органдармен
54 тактикалық арнайы (командалық-штабтық) оқу-жаттығу) өткізуге қатысты.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күн сайын Қазақстан Республикасының 19 қаласында қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысады. Олардың қатысуымен 20 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталды. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 118 қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараны, сондай-ақ төтенше жағдай режимін сақтау бойынша
876 іс-шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау қамтамасыз етілді. Қызмет атқарудың ерекше режимі жағдайында жедел мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелер ішкі істер органдарының бірлескен күштерімен қоғамдық орындардағы қылмыс санының 51,4%-ке және көшелерде 55,2%-ке төмендеуіне қол жеткізді.
12 стратегиялық объектіні және 3 ерекше маңызды мемлекеттік объектіні күзету, арнайы жүктерді алып жүру жүзеге асырылады, бұл ретте 1100 өткізу режимін бұзушы ұсталды.
Ұлттық ұланның қарауылдары 41 ҚАЖ мекемесін және 1 өндірістік объектіні күзетуді қамтамасыз етеді. Ішкі тыйым салынған аймаққа сотталғандардың кіруінің 16 фактісінің жолы кесілді, ҚАЖ мекемелерінің көліктік БӨП арқылы тыйым салынған заттарды алып өтудің 34 фактісінің және тыйым салынған заттарды асыра лақтырудың 200 фактісінің жолы кесілді. 900 бірліктен астам суық қару және үшкір-өткір заттар, 2 500 ұялы телефон, 1 800 СИМ-карта, 3,3 кг есірткі заты, сомасы 680,0 мың теңге ақшалай қаражат алынды.
Сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды 13 темір жол және 23 автожол бағыты бойынша, сондай-ақ екі соттың (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары), 1 Әскери соттың, 7 мамандандырылған ауданаралық соттардың
(4 елді мекендегі), 5 облыстық және 4 әскери соттың сот процестері отырыстарына, 1 мамандандырылған ауданаралық әскери соттың отырыстарына, 4 ҰҚКД тергеу изоляторларынан сот мекемелеріне айдауылмен алып жүруді қамтамасыз етеді. Айдауылмен алып жүру жөніндегі 3 600 қарауыл қамтамасыз етілді, олар 48 мың сотталған және күзетпен ұсталатын адамды, оның ішінде 820 сот процесін өткізу кезінде тасымалдады.
Арнайы мақсаттағы бөлімшелер пандемия салдары жағдайында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен бірлесіп, жауынгерлік қызметтің 3488 міндетін орындады.
Қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 1199 құқық бұзушы ұсталды және ІІО жеткізілді, мынадай тыйым салынған заттар алынды: 49 бірлік атыс қаруы, 23 бірлік жарақаттау және газды қару, 142 бірлік суық қару, 347 бірлік жарылу қаупі бар заттар, жарылғыш заттар (құрылғылар), 3387 бірлік оқ-дәрі, жалпы салмағы 14 тонна 542 кг. 12 грамм есірткі заты, бұл ретте 320 факті ашылды.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Алматы және Ақтөбе қалаларында Ұлттық ұланның жеке жедел мақсаттағы бригадаларын, Түркістан және Жезқазған қалаларында жедел мақсаттағы батальондарын құру жөніндегі ұсыныстар пысықталуда.
Үкіметтің қаулысын орындау үшін (2020 жылғы 23 қазандағы № 702) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің 1202 бірлік штат саны жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілді.
Ұлттық ұлан үшін офицер кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының жоғары әскери білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде 48 офицер оқуда,
жоғары білім беру бағдарламасы бойынша Ұлттық ұлан Әскери институтында 833 курсант оқуда, оның ішінде:
9 – Қырғыз Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері;
35 – Тәжікстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері.
Қазақстандық әскери оқу орындарынан басқа, әскери кадрларды шетелдік әскери оқу орындарында даярлау саласында халықаралық ынтымақтастық ұйымдастырылған.
Сонымен, Ресей ЖӘОО-да жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша 37 офицер оқиды,
бакалавриат бағдарламасы бойынша – 228, оның ішінде Ресей ЖӘОО-да - 184, Түркияда - 40, Қытай Халық Республикасында – 4 курсант оқиды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алудың 2017-2021 жылдарға арналған «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс Ұлттық ұланда заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін нығайтуға және қылмыстық құқық бұзушылықты 20% төмендетуге (2019 жылы 55-тен 2020 жылы 44-ке дейін) мүмкіндік берді.
Офицерлер жол берген құқық бұзушылықтар 72 % қысқартылды (22-ден 6-ға дейін).
Мерзімді қызметтегі сарбаздар жол берген құқық бұзушылықтар барынша азайды және 6 жағдайды құрайды (жалпы санының 0,04%). Бұл ретте, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің саны барлық жеке құрамның 40% астамын құрайды.
Бұл ретте, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер арасында әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз екенін атап өту қажет. Осы санаттағы әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылық 13%-ға өскен (25-тен 29-ға дейін), сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың да тиімділігі төмен: 2020 жылы 9 фактіге, 2019 жылы 7 фактіге жол берілді.

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ПарламентМәжілісі #ҰлттықҰлан #НациональнаяГвардия