Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты

Тарихтан бір қызықты дерек келтіре кетсем. Талай баланың «піріне» айналған атақты Брюс Ли қытайдың жекпе-жек өнерін батыста танымал ету үшін Америкаға аттанғаны мәлім. Алайда АҚШ деректеріне жүгінсек, ол бір күні көшеде қатты таяқ жейді. Осыдан кейін өзіндік қорғаныс (самооборона) техникасына баса мән беріп, соған жаттыға бастаған екен.
Бүгінде әскери өнер мен өзіндік қорғаныстың ең үздік тәсілдерін біріктіретін әмбебап жекпе-жек (ТМД кеңістігінде «унибой» атауымен белгілі, әлемде елу шақты елде таралған) Қазақстанның барлық облысында жақсы дамуда.
Өзім басқаратын, 2010 жылы құрылған «Қазақстан Республикасының Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығымен бірлесіп, көп жұмыстар атқарып келеді.
Жарыстарымызға арнайы қызмет органдарының жауынгерлері де қатысады.
«ҚР Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» республикалық бірлестігі 12-14 наурыз күндері Шымкент қаласында Әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатын ұйымдастырды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ел біріншілігіне «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan Ardagerleri» Қауымдастығы қолдау көрсетті.
Спорт додасы барысында барлығы 19 салмақ дәрежесі бойынша сайыстар өтті.
Чемпионатта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Байқоңыр қалаларының, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының командалары – жалпы саны 160 спортшы бақ сынады.
Карантин және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін чемпионатты үш күнге бөліп, өткіздік.
Жарыс қорытындысында жалпы командалық есепте І-орынды Алматы қаласының командасы иеленді. ІІ-орынды Қызылорда облысының құрамасы қанжығаласа, ІІІ-орынды Шымкент қаласының командасы еншіледі.
Жекпе-жектердің толық қорытындысын және жеңімпаздардың аты-жөнін төменде ұсынып отырмын.
Осы жарыстан іріктелген спортшылар енді Әлем және Азия чемпионаттарына қатысатын болады.
«Қазақстан Республикасының Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» РҚБ «унибой» бойынша жастар арасындағы жекпе-жектерді биылғы сәуір айында Маңғыстау облысында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ҚР «Унибой» Әмбебап жекпе-жек Федерациясы» РҚБ ұйымдастыруымен өткен Әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы
12–14 наурыз 2021 жыл.
Шымкент қаласы

Финал

Салмақ дәрежесі 28 кг.
І-орын:
Қыдырбаев Амандық (Байқоңыр қ.)
ІІ-орын:
Хаитов Камромбек (Түркістан облысы)
ІІІ-орын:
Халдар Нұрдаулет (Шымкент қ.)
Жаназаров Серман (Байқоңыр қ.)

Салмақ дәрежесі 31 кг.
І-орын:
Исламов Дияр (Алматы қ.)
ІІ-орын:
Нурдинов Билал (Алматы қ.)
ІІІ-орын:
Текеев Темірлан (Байқоңыр қ.)
Әлеуеддин Мұхамеддин (Шымкент қ.)

Салмақ дәрежесі 31 кг.
І-орын:
Саитов Билал (Алматы қ.)
ІІ-орын:
Усманов Рамзан (Алматы қ.)
ІІІ-орын:
Базарбай Нұрбек (Шымкент қ.)
Нұрболұлы Жәңгірхан (Түркістан облысы)

Салмақ дәрежесі 40 кг.
І-орын:
Махмудхан Нұрислам (Шымкент қ.)
ІІ-орын:
Қайсарбек Алихан (Нұрсұлтан қ.)
ІІІ-орын:
Мендуллаев Арслан (Қызылорда облысы)
Бекбаев Мансұр (Алматы қ.)

Салмақ дәрежесі 45 кг.
І-орын:
Нұрашев Мұхтархан (Қызылорда облысы)
ІІ-орын:
Жолдасов Біржан (Қызылорда облысы)
ІІІ-орын:
Бекташов Абдусамат (Түркістан обл.)
Жарылқасынов Жансен (Актөбе қ.)

Салмақ дәрежесі +45 кг.
І-орын:
Өтеуов Расул (Қызылорда обл.)
ІІ-орын:
Құрманғали Мейірхан (Қызылорда обл.)
ІІІ-орын:
Шаяхмет Жахангир (Шымкент қ.)
Аббас Рахат (Шымкент қ.)

12-13 жас аралығы
Финал

Салмақ дәрежесі 35 кг.
І-орын:
Муталипов Акрам (Алматы қ.)
ІІ-орын:
Жұма Олжас (Ақтөбе қ.)
ІІІ-орын:
Манат Нұрасыл (Шымкент қ.)
Абдуллаев Дияр (Алматы обл.)

Салмақ дәрежесі 40 кг.
І-орын:
Қалшораев Бақнұр (Шымкент қ.)
ІІ-орын:
Мұратқали Бейбарыс (Ақтөбек қ.)
ІІІ-орын:
Асылбекұлы Абылай (Қызылорда обл.)
Малянши Малик (Тараз қ.)

Салмақ дәрежесі 45кг.
І-орын:
Жадырасынов Абылай (Ақтөбе қ.)
ІІ-орын:
Жомарт Расұл (Ақтөбе қ.)
ІІІ-орын:
Амангельдиев Жарқын (Байқоңыр қ.)
Күлмесхан Нұрдаулет (Шымкент қ.)

Салмақ дәрежесі 50 кг.
І-орын:
Жылқаман Алдияр (Ақтөбе қ.)
ІІ-орын:
Беркінбаев Дәулеткерей (Ақтөбе қ.)
ІІІ-орын:
Жеңісов Әділет (Нұр-сұлтан қ.)
Булекбаев Рамазан (Қызылорда обл.)

Салмақ дәрежесі 55 кг.
І-орын:
Муталипов Азим (Алматы қ.)
ІІ-орын:
Тілеулиев Самат (Қызылорда обл.)
ІІІ-орын:
Хакім Сарсен (Шымкент қ.)
Зиналы Ернұр (Қызылорда обл.)

Салмақ дәрежесі +55 кг.
І-орын:
Мырзакаримов Сарварбек (Шымкент қ.)
ІІ-орын:
Мұхамеджанов Ербакыт (Ақтөбе қ.)
ІІІ-орын:
Қаржаубай Ақжан (Атырау қ.)
Нұрашев Меделхан (Қызылорда обл.)

14-15 жас аралығы
Финал

Салмақ дәрежесі 45 кг.
І-орын:
Азизов Сали (Шымкент қ.)
ІІ-орын:
Садықов Нұржан (Қызылорда обл.)
ІІІ-орын:
Рузбакиев Равиль (Алматы қ.)
Талап Бекзат (Қызылорда обл.)

Салмақ дәрежесі 50 кг.
І-орын:
Абдрайым Ерасыл (Шымкент қ.)
ІІ-орын
Маханов Батыр (Байқоңыр қ.)
ІІІ-орын:
Қолданов Әлішер (Ақтөбе қ.)
Атығайев Абылайхан (Шымкент қ.)

Салмақ дәрежесі 55кг.
І-орын:
Орынбеков Бағдат (Қызылорда обл.)
ІІ-орын:
Абдумажит Абдусалам (Алматы қ.)
ІІІ-орын:
Халназаров Азиз (Шымкент қ.)
Кемалов Нұралы (Қызылорда обл.)

Салмақ дәрежесі 60 кг.
І-орын:
Маянху Ислам (Тараз қ.)
ІІ-орын:
Кенжегүл Елмұрат (Ақтөбе қ.)
ІІІ-орын:
Абзалов Аслан (Қызылорда обл.)
Сарсенбек Әбілмансұр (Нұрсұлтан қ.)

Салмақ дәрежесі 65 кг.
І-орын:
Узакбаев Эльдар (Қызылорда обл.)
ІІ-орын:
Раймбек Нұртілек (Ақтөбе қ.)
ІІІ-орын:
Жунусов Расул (Алматы қ.)
Құдайберген Думан (Қызылорда обл.)

Салмақ дәрежесі 70 кг.
І-орын:
Совет Сырым (Қызылорда обл.)
ІІ-орын:
Жолбарысбек Арман (Шымкент қ.)
ІІІ-орын:
Бринжоглы Өмер (Түркістан обл.)
Руслан Райымбек (Атырау қ.)

Салмақ дәрежесі +70 кг.
І-орын:
Садыков Курванжан (Алматы қ.)
ІІ-орын:
Сайдуллаев Арафат (Алматы қ.)
ІІІ-орын:
Құмаров Азамат (Қызылорда обл.)
Галимов Ильяс (Тараз қ.)

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ӘмбебапЖекпеЖек #Унибой #ЖекпеЖек #ҚазақстанЧемпионаты


https://m.facebook.com/story.php?&

https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/embebap-zhekpe-zhekten-zhasospirimder-arasynda-kr-chempionaty-otti

https://www.facebook.com/watch/?

https://www.facebook.com/watch/?

https://www.facebook.com/watch/?