Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ұлыстың Ұлы Күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыстың Ұлы Күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!
Сиыр жылы әр отбасыға қуаныш пен шаттық, ырыс пен молшылық, ынтымақ пен татулық әкелсін!
Ақ мол, жорытқанда жол болсын!

НАУРЫЗНАМА

Көктемнің күні күлімдеп,
Шуақты нұры дірілдеп.
Ырыс-бақ, құт боп, бал-уыз,
Наурыз келді дүрілдеп.

Есілді Наурыз жібегім,
Жібегім - жасыл жыл едің.
Бусантып таудың тамырын,
Жібіткен жердің жүрегін.

Жыл басы Наурыз - ұлығым,
Ұлығым, мөлдір тұнығым.
Шаттықпен сыйлар шырынын,
Ұядай жылы ұлы күн.

Кел Наурыз! Көптен күткенім,
Құт па едің? Күткен құтты елің.
Көлдеткен жанын адамның
Төлдеткен малын мықты едің.

Қандырған иін әлемнің,
Ақ болып кірген сүт пе едің?!
Қадамың оң боп ортаға,
Кел наурыз! Төрлет, шық бері!

Ақ сөзін сөйлеп аталы,
Батагөй берер батаны.
Халыққа қалқан ерлердің,
Ортаймасын қатары.

Өмірдің жастар жалғасы,
Білімі болсын сапалы.
Көк байрақ туым көктегі,
Әлемге шықсын атағы.

Тозбасын тоны елімнің,
Бұзылмай бақтың шапаны.
Құт болып қонған қонысың,
Оң болсын, Наурыз сапарың.
Бақытбек Смағұл

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #Наурыз #ҰлыстыңҰлыКүні #МерекеҚұттыБолсын #СНовымГодом