Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жер реформасы бойынша комиссия құрылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жер реформасы бойынша комиссия құрылды, бүгін оның құрамы да бекітілді.

Бұл комиссияға мен де мүше болып кіріп отырмын.

Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Айта кету керек, алдыңғы Жер реформасы жөніндегі комиссия осы бағытта біраз іс тындырды, сол кезде елді алаңдатып, қазақтың тынышын кетірген біраз мәселені шешуге, халықтың көңілін орнына түсіруге септесті.

Алайда содан бергі 5 жыл ішінде тағы да біраз мәселе қордаланып қалғаны мәлім.

Жаңа комиссия жерге қатысты түйткілді мәселелерді түпкілікті шешуі қажет.

Өзге мамандармен ақылдаса отырып, комиссия нақты шешімдерін табарына сенімдімін.

Жер реформасы бойынша комиссия алғашқы отырысын арғы күні, 25 наурызда өткізуді жоспарлап отыр.

Жерге қатысты нақты ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде комментарийде жаза отырыңыз.

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ЖерРеформасыКомиссиясы #КомиссияПоЗемельнойРеформе.