Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қазақстанда 31 мамырда, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Қазақстанда 31 мамырда, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.
Бұл шынымен Азалы күн! Бодан болған тұста қазақтың бүкіл элитасы, беткеұстар азаматтары түгел дерлік қуғын-сүргінге ұшырады, жартысы атылды.
Отарлаушы империя қазақты құртып, қалғаны болса – орыстандырып, Ұлы даланы қазақ ұлтынан арылтуды мақсат етті. Бірақ қайсар қазақ аман қалды, ұлт қалпын сақтады. Енді Тәуелсіз Қазақстанда азаттық үшін басын бәйгеге тігіп, жанын берген арыстарымызды ардақтап, аруақтары алдында үнемі тағзым ету – бізге парыз! Оны ұмытуға хақымыз жоқ!

ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР

Не көрмеген, бәрін көрген азаптың?!
Сол болды ғой сорақысы мазақтың.
Сардалаға сары сүйек шашылып,
Ит мүжіді алтын басын қазақтың...

Бауырына басу үшін даласын
Қынадай ғып қырды қазақ баласын.
Тең жарымы жер бетінен жоқ болған,
Кімге айтады момын халық наласын?!

Қиянатпен қолдан жасап аштықты,
Қалың елдің көмейіне тас тықты!
Елін жойып жерін басып алатын,
Кім болжаған мұндай сұмдық қастықты?!

Аштық жалмап небір жайсаң нар ұлын,
Таппай қалдық боздақтардың қабірін.
Қадірлеуге аялауға міндетті
Бүгінгі ұрпақ азаттықтың қадірін!
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #СаясиҚуғынСүргінҚұрбандарынЕскеАлу #Ашаршылық #Голодомор #ЖаралыЖылдар