Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
«Хабар» телеарнасындағы тікелей эфирде жүретін «Бүгін» ток-шоуына қатыстым.

«Хабар» телеарнасындағы тікелей эфирде жүретін «Бүгін» ток-шоуына қатыстым.

Онда сот, ішкі істер, медицина, балалардың құқығын қорғау және басқа да салалардың мамандары мен сарапшылар «Педофилия: ауру ма, азғындық па?» деген сауалға жауап іздеді.
Жалпы, осы орайда сарапшылар назарынан тыс қалып жүрген бір мәселеге назар аудартқым келеді: Қазақстанда бес жылдан астам уақыттан бері халық тілімен айтқанда, «педофилдер картасы» жүргізіліп келеді.
Заң тілінде ол «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамдар» геоақпараттық картасы деп аталады.
Жалпы, бұл жап-жақсы жоба болуға тиіс еді. Өйткені сол арқылы біріншіден, әрбір тұрғын осы азғындарға қатысты қоғамдық бақылау жүргізуге қатыса алатын. Екіншіден, бұл айуандардың нақты қай ауданда тұратынын біліп, баласын сақтандыру шараларын қабылдай алатын. Бұл – дамыған елдерде бар тәжірибе. Өзін демократия тірегі санайтын Америкада да мұндай қылмыскерлер бостандыққа шыққанымен еркін тайраңдамайды, олардың үстінен шериф, пробация қызметтері сыртында, қоғамдық бақылау да орнатылады.
Үшіншіден, осы картада өзінің тұрғылықты орны жұртшылыққа белгілі екенін білетін педофилдер аяғын тарта басуға тиіс. Яғни, бұл қылмыстың алдын алудың тетігіне айналуы керек еді.
Дегенмен, бұл картада олқылықтар бар көрінеді.
Мен осы ток-шоуға дайындалу барысында әлгі картаға кіріп, зерделеп қарадым. Біріншіден, ол тек орыс тілінде жүргізіледі екен, мемлекеттік тілге баса мән берілмеген.
Екіншіден, ол қарапайым адам үшін пайдалануға қиын, қолайсыз көрінді. Егер қолдануға жеңіл болғанда, адамдар арасында кең танымал болуы мүмкін еді. Әзірге олай деу қиын.
Үшіншіден, онда іздеу жүйесі; қандай күдікті жағдайға куә болса, хабарлау керек екені; жауапты тұлғалардың байланыс нөмірі және басқа да опциялар қарастырылмаған болып шықты. Өзге техникалық кемшін тұстары жетерлік.
Төртіншіден, көздері нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы жоқ.
Бесіншіден, неге осы картаның мобильді қосымшасын жасамасқа?
Халық қазір интернет сайттарға көп бас сұға қоймайды. Әлеуметтік желілер мен қосымшаларда отыр. Салдарынан, жап-жақсы идея ғаламтордың бір түкпірінде елеусіз, ел қажетіне жараусыз жатыр.
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakhytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #нетпедофилам #БҒМ #МВД