Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Бүгін 2 шілде – Қазақстанның Дипломатиялық қызметі күні!

Бүгін 2 шілде – Қазақстанның Дипломатиялық қызметі күні!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты дипломаттар!
«Елдестірмек елшіден» деген қазақ халқы елшілерді әрқашан қасиет, қадір тұтқан. Сонымен бірге дипломаттарға қойылатын талап та әрдайым жоғары. Оларда отансүйгіштік, мемлекетшілдік, табандылық, шешендік, бітімгершілдік қасиеттер, озық білім, парасат пен мәдениет болуы керек.
Осы күні мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердімен кездестім.
Бір қызығы, осының алдында, 30 маусымда Мұхтар Бескенұлының туған күні болған екен. Ал 1 шілде – Ұлттық домбыра күні екені мәлім.
Осы орайда кездесу барысында «Сауап» қоғамдық қоры өз қаражатына шығарған «Аманат» Қазақ күйлері антологиясы»/«Антология казахского кюя «Аманат»/Amanat Anthology of Kazakh kyui» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақты таныстырдым. Ол байырғы күйлер жазылған аудиотасығышпен жабдықталған.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Антологияны жоғары бағалады.
Таяуда, биылғы маусым айында ҚР СІМ қолдауымен АҚШ астанасы Вашингтонда және америкалық ірі мегаполистерде, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің базасында Антологияның тұңғыш халықаралық презентацияларының сериясы ұйымдастырылды. Бұл оқиға БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.
Қазақ халқының мұрасын жаһандық көлемде ілгерілетуге қолдау көрсеткені, америкалық жұртшылық пен АҚШ-тағы қазақ диаспорасына «Сауап» Қорының ұзақ жылғы жұмысының нәтижесімен танысуына мүмкіндік бергені үшін Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге және қазақ дипломаттарына алғысымды айттым.
Осындай ұлтжанды азаматтардың билікте жүргені қандай ғанибет!
«Сауап» қорының бұл жобасы халқымыздың бай музыкалық және поэзиялық асыл мұрасын қайта жаңғыртуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды кең насихаттауға, ашық сананы тәрбиелеуге, азаматтардың эстетикалық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қормен «Аманат» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде бұрын Ұлы дала үніне айналған, енді отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке архивтер мен қорларда шаң басып жатқан қазақтың 500-ден астам бірегей, көне күйлері қалпына келтірілді. Біздің мамандар тобы бұған дейін еш жерде жарияланбаған байырғы күйлерді жинауды, өңдеуді, реставрациялауды, аутентті орындауды және цифрландыруды жүзеге асырды. Сондай-ақ күйлер заманауи аудиотасығыштарға көшірілді.
«Аманат» Антологиясының тағы бір ерекшелігі мен құндылығы сол – онда жаһан жұртшылығы, зерттеушілер байырғыдан бастап қазіргі заманға дейінгі күйшілер мен жыршылар жайындағы мол мәліметтерді, сондай-ақ жинақтағы 500 күйдің әрқайсысының шығу тарихы мен аңыз-әңгімелерін үш тілде оқып, зерттей алады.
Бұл Антология тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдік музыкалық мәдениет үшін үлкен мән-маңызға ие. Сондықтан Антологияны шетелде де кең тарату маңызды, осы арқылы халықаралық қауымдастықты төл мәдениетімізбен сусындата аламыз.
Жинақ аудиотасығыштарымен бірге АҚШ Конгресінің Кітапханасына және америкалық ірі кітапханаларға табысталды. АҚШ жұртшылығы, шетелдік зерттеушілер қазақтың күмбірлеген күйін тыңдап, ол туралы егжей-тегжейлі деректермен ағылшын тілінде қаныға алады. Біз халықаралық қоғамдастықтан және қазақстандықтардан әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы Антологияға қатысты оң пікірлер алудамыз.
Атап өтер жайт, дипломаттармен және диаспорамен кездесулер барысында олар: «бұл Антология әрбір қазақтың төрінде және Қазақстанның шетелдегі барлық дипломатиялық мекемесінде болуға тиіс» деген ортақ тілек айтты. Әдемі безендірілген, презентабельді бұл Антология шетелдік мәртебелі меймандар үшін ең үздік кәдесый-сувенир және тарту болып табылады. Сонымен қатар Антология қазақ мәдениетін зерттеушілер, әсіресе, қазақ диаспорасының балалары үшін таптырмас оқу-әдістемелік оқулық!
Бақытбек Смағұл
Nur Otan

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #АманатҚазақКүйлеріАнтологиясы #АнтологияКазахскогоКюя #Аманат #Amanat #AnthologyOfKazakhKyui #Мид #СІМ #deputatnurotan