Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі

Алаштың үш Алыбы данышпаны,
Анық қой қазақ үшін алысқаны.
Күресті күн сөнгенше сөнбейміз деп
Қалғанша ақтық демі, қасық қаны.

Ойлайтын бағы бар деп жұрт бес елі
Әлихан - арда туған ұлт көсемі.
Халқының қамын жеген қасқалдақ ұл
Жеті өлшеп бір ақ рет нық кеседі.

Жалған-ай, жапырағын жайған ғажап,
Ұлылар сайрандаған саяңда аз-ақ.
Самарқау санамызды оятуға,
Міржақып жазып кеткен "Оян қазақ".

Тұрса да көкірегіңде тұнып құсаң,
Жас өркен, жазғанынан ұғып, күш ал.
Жастарды жақсылыққа жетелеуде,
Ахмет жазып кеткен "Қырық мысал".

Кетсе де кер заманда есем менің,
Езіліп еңсем түсіп еш өлмедім.
Ардақтап жатыр бүгін арда қазақ
Алаштың аты өлмейтін көсемдерін!!!

Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#Qazaqstan30 #MeninQazaqstanym #BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #Тәуелсіздік30 #Токаев #Алаш

#deputatnurotan