Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Ұлтқа қамқор, тілге жанашыр Асылы Осман 80-ге толды!

Ұлтқа қамқор, тілге жанашыр Асылы Осман 80-ге толды! Асылы апамыз туралы қаншама жылы сөз айтуға, тіпті тұтас кітап арнауға да болады. Бірақ солардың өзі аздық етеді! Қазақтың мүддесін жан сала, шырылдай қорғап жүрген Асылы Осман қазақтың бағына біткен тұлға, халқымның батыр қызы! Әлі күнге дейін құлдық санадан, кеңестік пиғылдан арыла алмай жүрген қазақстандықтар бар. Қазақ тілінің үстемдігі, ұлттық құндылықтардың алға озуы үшін атойлап, күш салып жүрген Асылы апамыздай арыс тұлғалар бәрімізге үлгі.
Асылы апамыз коронавирус жұқтырып, біраздан сырқаттанып жатыр. Ол кісіге саулық тілейтін қазақтардың бірі ретінде қарасып, қал-қадари көмектесуге тырыстық. Амандық болса, Асылы апамыз бүгін ауруханадан шығады деп күтіп отырмыз.
Алла шипасын берсін!
Мерейтойына орай Асылы апамызды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы дәрігерлер арқылы тапсырылды, Орталық клиникалық аурухана директорының орынбасары С.Жарменов апамыздың иығына қамзолын жапты.
Асылы апамызды телефон арқылы құттықтап, өлеңімді тарту еттім:

Жау шапқанда тіліме,
Жел жағында панасы.
Сізді сүйіп, құрметтер
Алты Алаштың баласы.
Қазақ үшін қай кезде,
Отқа түскен, қаймықпай.
Асылы апам ұққанға.
Ана тілдің анасы!

Ел мен елді туыс қып,
Жақындатқан бауырды.
Су сепкендей қылатын
Көтерілген дауылды.
Қазақ үшін қайыспай,
Қара нардай қасқайып.
Сіз көтеріп жүрсіз ғой
Ер көтермес ауырды.

Мың адамға бергісіз,
Бір өзіңнің басыңыз!
Қазақ қамын ойлаумен,
Бурыл тартты шашыңыз.
Ұлы Дала төсінде,
Көк байрақтың астында.
Алапаңыз асқақтап,
Жүз жастан да асыңыз!

Рухы үшін қазақтың,
Топқа түстің таластың.
Басқаларға ой тастап,
Қазағыңа қарастың.
Тарихтағы кешегі,
Арулардай ақылды.
Асыл туған бір қызы
Асылы апам Алаштың!!!
Бақытбек Смағұл

#АсылыОсман #БақытбекСмағұл #BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #BakhytbekSmagul #ҰлтЖанашыры #МемлекеттікТіл