Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Бүгін жаңа Қорғаныс министрі Мұрат Бектановпен кездестім.

Бүгін жаңа Қорғаныс министрі Мұрат Бектановпен кездестім.

Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесінің төрағасы ретінде Ауған ардагерлерінің және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің атынан Мұрат Кәрібайұлын жауапты лауазымға тағайындалумен құттықтадым.
Әңгіме барысында ардагерлер ұйымдарының Отанымыздың, халқымыздың, жас ұрпақтың игілігі үшін атқарып жатқан қызметтері жөнінде баяндадым және Орталық Кеңестің жаңа, соны бастамаларын толығырақ таныстырдым.
Министр өз кезегінде ардагерлерге үлкен құрметпен қарайтынын, олардың жағдайына мән беретінін айтып, қолдан келгенше және өзі басшылық ететін министрліктің құзыр-өкілеттігі аясында қажетті көмекті көрсететінін, қолдайтынын жеткізді.
Біз әлемдегі алмағайып заманда ардагерлердің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қауіпсіздіктің тірегін нығайтуға, бейбіт өмір құндылықтарын бекемдеуге, елдің бірлігін күшейтуге жұмыс істегені жөн деген ортақ тоқтамға келдік.
«Қорғаныс министрлігінің есігі ардагерлер үшін ашық. Ендеше қоғамдық бірлестіктерден тиісті бастамаларды күтеміз!» – деп Мұрат Бектанов ардагерлерге сәлем айтты.
Ардагерлердің Қорғаныс министрлігімен бірлескен жұмысы «Жас сарбаз» қозғалысы аясында да жалғаспақ.
Бақытбек Смағұл

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #Ардагерлер #Ауғанстан #ҚорғанысМинистрлігі #ҚарулыКүштер #АрдагерлердіАрдақтайық #deputatnurotan