Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
«ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

«ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына және қорытынды отырысына қатыстым.
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана «2021 жыл - Балалар әдебиеті жылы» балалар мен жасөспірімдерге арналып жазылған шығармаларға арналған «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауын жариялаған болатын. Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында өтті. Байқауға барлығы 90 автордың жұмысы түсті.
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада байқау жеңімпаздары марапатталды. Жас дарындарға мен де ақшалай және басқа да сыйлықтарымды тапсырдым.
Әдеби байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту.
Марапаттау рәсімі бірнеше номинациялар бойынша өтті: проза, ертегі, балаларға арналған өлеңдер және үздік иллюстрация.

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #deputatnurotan #balalar #ЖасҰрпақ