Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Елордада ұлы Қажымұқанға ескерткіш ашылды!

Елордада ұлы Қажымұқанға ескерткіш ашылды!

Қазақ халқынан шыққан тұңғыш кәсіпқой балуан, күрестен Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы, белдескен қарсыластары алдында тізесін бүкпеген даңқты балуан, батыр әрі ақын Қажымұқан бабамыздың биыл 150 жылдығы атап өтілуде.
Осыған орай Қ.Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжінің спорт кешенінде жауырыны жерге тимеген, намысты қолдан бермеген балуан бабамыздың ескерткіш-мүсіні салтанатты түрде ашылды.
Сондай-ақ рәсім аясында бұған дейін «Жас Батыр» аталып келген спорт кешеніне Қажымұқанның аты берілді.
Нысан Нұр-Сұлтан қаласындағы Конституция көшесі, 3 мекенжайында орналасқан.
Тарихи деректерге жүгінсек, Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келіпті.
Ол дүниежүзінің атақты балуандары Поль Понс, Георг Лурих, Алекс Аберг, Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин секілді палуандармен белдесіп, мерейі үстем шығып жүрді.
Кейбір деректер бойынша шетелдік ареналарда боз кілемге Ямагата Мухунури, Қызыл Маска, Қара-Мұстафа секілді лақап аттармен де шыққан.
Қажымұқан атамыз тек қара күштің иесі, әлемдік аренада өнер көрсеткен кәсіпқой спортшы ғана емес, сонымен бірге домбыра шертіп, ән салған дарынды ақын, сері болған.
Оның құрметіне өткен салтанатты рәсімге Қажымұқан атамыздың немересі – әнші композитор, халықаралық конкурстардың лауреаты Бақытжан Жанәділұлы Қажымұқанов, Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайының жәдігер бақылаушы қызметкері Перизат Айдарханқызы Қажымұқанова, Қажымұқанның шөбересі, Көкшетау қаласында тұратын жеке кәсіпкер Айкен Жанайқызы Мұқанова, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Парламент депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, осы мектептің түлегі, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Даулет Тұрлыханов, зиялы қауым өкілдері және қалың жұртшылық қатысты.
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#Қажымұқан #Хаджимукан #ЯмагатаМухунури, #КраснаяМаска, #КараМустафа #BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #Ескерткіш #deputatnurotan