Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Тұңғыш Президент күні құтты болсын, ағайын!

Тұңғыш Президент күні құтты болсын, ағайын!

Примите искренние поздравления с днем Первого Президента Республики Казахстан!

Табиғаты өткен тарихтан сыр ақтатар болса, ұлан-байтақ Ұлы даланың тауы күрсініп, талы шулап, қайғы-мұңнан қара тасы қақ айырылар еді.
Біздің қазақ қашан тыныш ұйықтап еді? Көк түрік Күлтегін бабамыз түнде көз іле алмағанын, күндіз байыз тауып отыра алмағанын бекер тасқа қашап кетпеген. Аз өмірі аттың жалында, майдан жолында өткен мәрт Махамбеттердің қызғыш құсқа ішкі зарын айтып, ұйқы көрмей аңсағаны азаттық пен абат күн еді. Күні кеше күркіреп өткен жаһандық сұрапыл соғыста батыр Бауыржандар қаруын алып, қасына қаһарлана ұмтылғанда, көздегені бейбіт өмір болатын.
Күрсінумен күні өткен, қасіреттен көз ашпаған халқымыздың ең асыл арманы Жаратқан Иенің қолдауымен, Тұңғыш Президентіміздің көшбасшылығымен ақиқатқа айналды. Татулығы арқылы тыныштық орнатып, бейбіт пейілі арқасында берекесін бекемдеген Қазақ елі жасампаз жолға түсті, бақуатты болашағының іргетасын қалады, Тәуелсіздікті ұлық тұтып, тұрақтылықты дәріптейтін, өзге елдер өнеге етіп, санасатын іргелі, дамыған мемлекет құруда.
Мәңгілік Елге айналу үшін бір ұрпақтың өмірі аздық етеді. Елбасы айтқандай, тек көп ғасырлық бірлік пен сабақтастық, тек ұрпақтан ұрпаққа берілер ортақ мақсаттар ғана осынау ұлы міндетті шешу үшін ұлтты ұйыстыруға қабілетті.
Мереке құтты болсын, ағайын!

#ТұңғышПрезидентКүні #Елбасы #BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #deputatnurotan