Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Бүгін – Ауғанстан Демократиялық Республикасында соғыстың басталған күні

Бүгін – Кеңес әскерлерінің Шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағына аяқ басқан, яғни он жылға созылған сұрапыл соғыстың басталған күні!
Әділетсіз бұл соғыс қазақстандық 18-20 жасар жігіттердің отаншыл асқақ рухын, жауынгерлік айбынын, батырлығы мен батылдығын паш етті. Олар соғысқа бара жатқанын да білмеді. Ол соғыс бүгінде өзге мемлекеттің ішкі ісіне қолсұғушылық болып есептеледі. Алайда мемлекеттік солақай саясатқа шын сенген, мұрты енді ғана тебіндеген бозбалаларды сол үшін айыптауға болмас!
Қазақстандық жігіттер жан-жақтан анталағандар тап бергенде тым-тырақай қашпады, арыстанша айқасты. Өйткені заманында бүкіл әлемде соғыс салған, ұлтымыздың ұлылығын Шығыс пен Батысқа қатар мойындатқан, жарты әлемді астына басқан сақ, ғұн, көк түріктің қаны бойымызда бар еді.
Біз, Ауған ардагерлері, бұл күні майданда қаза тапқан қаруластарымыздың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз!
Борис Төкенұлы Керімбаев, біз үшін Сіз тірі кезде-ақ аты аңызға айналған, атағы қыр асып, қиырға тараған Халық Қаһарманысыз! Сіздің аруағыңыз алдында тағзым етеміз! Сіздің асқақ бейнеңіз әрдайым есімізде, атыңызды асыл құндылықтай қастерлеп, ұрандай ұстанамыз!
Ауғандық майдандас дос! Кезінде қанды қасаптан алып шыққан өмірге деген құштарлығың қазір де сені тағдырдың тақсіретіне, тіршіліктің тауқыметіне шыдатып, қайсарлана ілгері ұмтылдыруда. Сендердің әрқайсың Тәуелсіздікті тұғырлы, мемлекеттілігімізді мәңгілік ғұмырлы етуге өз үлестеріңді қосудасыңдар. Біз ардагерлеріміздің ерлігін, еңбегін мақтан тұтамыз!
Біз талайдың түбіне жеткен сорақы соғыс қайталанбасын дейміз. Ол үшін өткеннен сабақ алуымыз керек. Осыған орай Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің және «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығы «АУҒАНСТАН: БАҚТЫҢ КІЛТІ – БІТІМДЕ» атты деректі фильм түсірген. Ол Ауған соғысындағы Қазақстан азаматтарының ерлігіне арналған.
Бірден айта кетелік, кинотуындыға бір тиын бюджет қаржысы тартылған жоқ, толығымен демеушілік қаржыға түсірілді. Осы үшін кәсіпкер Қанат Исмайыловқа алғыс білдіреміз.
Бақытбек Смағұл
Nur Otan фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #АуғанАрдагерлері #АуғанСоғысы #АрдагерлердіАрдақтайық #deputatnurotan

https://fb.watch/b1IGWX2CPb/