Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Өзіңмен халқым, біргемін!

Өзіңмен халқым, біргемін!

Азаттығың түсті бүгін талқыға,
Сабыр берші, парасатты халқыма!
Ақ ниетін пайдаланып елімнің
Арамзалар дақ түсірді парқыма.

Асыл елім, айналайын, айбарым!
Намысыңды рухыңа қайрадың!
Содырлардың қолыменен Елтаңбам,
Отқа жанды көк аспандай Байрағым.

Өртенеді, өртенеді өзегім,
Бір сұмдықтың барын анық сеземін.
Дәл осылай тонамайды ешқашан
Өз ұланы өзін туған өз Елін!

Бейбіт күнмен таба алмаған жарасым,
Күмәнді топ, тұман басқан санасын.
Дәл осылай таламайды өлсе де,
Өз ұланы өзін туған Анасын!

Бабалардың батасымен жаңғырып,
Ата берер, ел аманда, таң күліп.
Тәуелсіздік Туын ешкім жыға алмас,
Қазақ елі жасай берер МӘҢГІЛІК!
Бақытбек Смағұл

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚазақЕлі #deputatnurotan #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве

https://fb.watch/b1IP0qv74N/