Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Бүгін – жалпыұлттық Аза тұту күні.

Ардақты қазақстандықтар!
Бүгін – жалпыұлттық Аза тұту күні.
Онсыз да саны аз қазақ үшін қаза тапқан әрбір азаматтың орны бөлек, бұл ұлт үшін орны толмас қайғы!
Осыған байланысты «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» Қауымдастығының атынан шейіт кеткен қазақстандықтардың отбасыларына, туыс-туғандарына қайғыра отырып көңіл айтамын. Иманды болсын, пейіште нұры шалқысын!
Енді ешқашан мұндай қан-қасап қырғын қайталанбасын деп тілейміз!
Сол үшін Президенттің басшылығымен құзырлы құрылымдар, жауынгерлеріміз қауырт қимылдап, елді баскесерлерден тазартып жатыр. Бұл ретте қарапайым халықтан ел басына түскен сынақ кезінде төзімділік, тыныштық, жауапкершілік таныту талап етіледі. Қазақтың бірлігі, ірілігі сыналуда. Біздің күшіміз бен ниетіміз бір жерден шығуы қажет.
Ел болып, бұл тауқыметті де еңсереміз!
Қазақтың қайсар рухы жаншылмайды!
Бақытбек Смағұл
QAZAQSTAN ARDAGERLERI
Қауымдастығының төрағасы

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҰлттықАзаТұтуКүні #deputatnurotan #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве