Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Есебім болсын, айта отырайын...

Есебім болсын, айта отырайын...

1. Кейінгі оқиғаларға байланысты ең алдымен, ел қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан Ұлттық ұлан, полиция, басқа да қауіпсіздік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ марқұм болған бейбіт тұрғындардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Иманды болсын! Жандары пейіште шалқысын!
Ал жарақат алғандардың тезірек оңалып кетуін тілеймін. Президентіміз өңір әкімдеріне, өзге де жауапты органдарға оларға лайықты материалдық көмек көрсетуге тапсырма берді.

2. «Nur Otan» партиясы – ары қарай да билеуші партия болып қала беретінін және ел Президенті Қ.Тоқаевқа қолдау көрсететінін нықтап айтқан, басын ашып алған жөн. Осынау алмағайып шақта «Nur Otan»-ның Мәжілістегі фракциясы Мемлекет басшысының қасынан табылды, ол белгілеген шұғыл шараларды құптады, демеу болды. Көшбасшы партияның барлық ресурсы мен күш-қуаты ел Президентінің республикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға жұмылдырылуда. Партия барлық күш-қуатын халықты қолдауға, елдікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағыттап жатыр.
Бұған енді әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы керек.

3. Ресейлік, шетелдік бірқатар ақпарат құралдарында елімізді, ел басшылығының тегеурінді қимылдарын күстәналауға бағытталған материалдар, ақпараттар жариялануда. Оған сенбеу қажет! Заманауи терроризм әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге де тамырын жайған. Олар белсенді түрде фейк тарату арқылы азаматтарды адастырады, мемлекетке қарсы қояды. Сыртқы зәлім күштердің қолшоқпарына айналудан, өз азаттығымызды өз қолымызбен күйретуден аулақ болған жөн.
Арандатушыларға ермейік, олардың еркіне жол бермейік.
Мемлекет басшысының әр ісі, әр қадамы ұлттық мүдде тұрғысынан қабылдануда. Біз ары қарай да Президентіміздің айналасында топтасып, төтенше жағдай тәртібін сақтауға тиіспіз.

4. Жақындармен үйде болу, төтенше жағдай режимін бұзбау, құқық қорғау органдары өкілдерінің талаптарына бағыну секілді әрбір қазақстандықтан күтілген ең қарапайым әрекеттер – елдегі жағдайдың тұрақталуының басты бір шарты.
Еліміздің 800 мың азаматы – «Nur Otan» партия мүшесі. Бұл тек депутаттар ғана емес, сонымен қатар дәрігерлер мен мұғалімдер қауымы, өндірістік, аграрлық саланың мамандары, қатардағы жұмыскерлер. Біз ешқандай популистік, жалаң ұрандар мен бұра тартуларға жол бермеуіміз қажет. Жекелеген партияластарымыз өздерінің кәсіби міндеттерін атқарып, күрестің алдыңғы шебінен табылды, ел қорғады, медициналық көмек көрсетті.

Болған жағдайға бей-жай қарамайтын барлық азаматты Президенттің ұстанымын басшылыққа алуға, осы қиын кезеңде елге көмектесуге және елді Мемлекет басшысы айтқан жаңа даму жолына шығаруға өз үлесін қосуға шақырамын!
Бақытбек Смағұл
«Nur Otan» фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚазақЕлі #deputatnurotan #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве